О переименовании некоторых улиц города Макинск Буландынского района Акмолинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 12-бабының 5-1 тармақшасына, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі аудандық комиссияның 2009 жылғы 3 маусымдағы шешіміне сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының мына көшелері:
Тармақша 1
1) 40 лет Октября көшесі Иван Остроконь көшесі;
Тармақша 2
2) Баумана көшесі Алтын Әбішева көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қаулы мен шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық
мәслихатының 18-сессиясының
төрағасы С.Ержанов
Бұланды аудандық
мәслихатының хатшысы П.Веселов