Об утверждении Правил финансирования государственного заказа за счет средств местного бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік тапсырысты жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 14 қазандағы N 4/834 қаулысымен.
Бюджет қаржысын тиімді пайдалану мақсатымен қала әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. N 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік тапсырысты жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекемелер - бағдарламалар әкімшіліктері, қалалық қаржы басқармасы мен қазынашылық басқарма мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын бағдарламаларды (шағын бағдарламаларды) қаржыландыруда аталған Ережені басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Қала әкімінің "Мемлекеттік тапсырысты жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жөніндегі Уақытша ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 25 наурыздағы N 293 және "Мемлекеттік тапсырысты жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жөніндегі Уақытша тәртіпке өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 4 маусымдағы N 499 шешімдері күшін жойды деп танылсын.
Басқа 4
Қала Әкімінің 1999 жылғы
15 қазандағы N 972
шешіміне N 1 қосымша
Мемлекеттік тапсырысты жергілікті бюджет
қаражаты есебінен қаржыландыру
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 5. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже мемлекеттік мекемелер - бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік тапсырысты орындау шығындарын жергілікті бюджет қаржысы есебінен төлеуінің негізгі шарттары мен тәртібін ескереді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тиісті қаржы жылында жергілікті бюджетте көзделген қаржы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тапсырыс негізінде бағдарламаларды (шағын бағдарламаларды) жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме - бағдарламалар әкімшісі (бұдан былай Тапсырыс беруші) мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатымен заңды және жеке тұлғалармен (бұдан әрі Атқарушылар) келісім-шарт (контракт) жасасады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тапсырысты орындау жолындағы барлық азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелерді несиелік борышы өсуінен сақтандыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 Қаулысына сәйкес қалалық қазынашылық басқармада тіркелуге жатады.
Тарау 10. ІІ. Мемлекеттік тапсырысты
қаржыландыру шарттары
ІІ. Мемлекеттік тапсырысты
қаржыландыру шарттары
Тармақ 5
5. Мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландырылатын бағдарламалар (шағын бағдарламалар) екі топқа бөлінеді:
- орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) көлеміне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (шағын бағдарламалар);
- мемлекеттік тапсырыс құны бірлік есебімен қаржыландырылатын бағдарламалар (шағын бағдарламалар).
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың (шағын бағдарламалардың) жоғарыда көрсетілуі бойынша топтарға бөлінуі осы шешімнің N 2 қосымшасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Келісім-шарттың (контрактының) бірінші кезеңінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау әр бағдарлама (шағын бағдарлама) бойынша бекітілген бюджеттің жылдық сомасының 90 проценті шегінде жасалады. Екінші кезеңде біріншісінде жасалған келісім-шарт (контракт) бойынша міндеттемелерді орындау үшін бөлінген қаражат лимиті игерілгеннен кейін, ағымдағы жылдың 9 айында бюджеттің атқарылу нәтижесі бойынша және жергілікті бюджеттің атқарылуының белгіленген қаржылық іс жосығына сәйкес қалған сомаға (10 процент) әр бағдарлама (шағын бағдарлама) бойынша жергілікті бюджетте бекітілген жылдық көлем шегінде қосымша келісім-шарт (контракт) жасасады.
Тармақ 7
7. Келісім-шарт (контракт) ағымдағы қаржы жылы шегіндегі мерзімге жасалады.
Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда келісім-шарт (контракт) қалалық қазынашылық басқармада қайтадан бекітіледі және қайта тіркеуден өтеді.
Тармақ 8
8. Егер бір бағдарламаны (шағын бағдарламаны) орындау үшін бірнеше Атқарушымен келісім-шарт (контракт) жасалынса, онда мұндай келісім-шарт (контракт) сомасы осы бағдарлама (шағын бағдарлама) жөніндегі келісім-шарт (контракт) сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі келісім-шарт (контракт) мына мазмұнда болады:
- орындалатын жұмыс (көрсетілетін қызмет) көлемі сандық (табиғи) және құндық көрсеткіштері осы шешімдегі N 3 және N 4 қосымшаларға сәйкес үлгі бойынша;
- міндетті түрде жасауды көздейтін және орындалған жұмыс (көрсетілетін қызмет) туралы қалалық қазынашылық басқармаға тапсырылатын акт шарты, егер бағдарлама (шағын бағдарлама) бірінші топқа, мемлекеттік тапсырыс бірлігі саны немесе нақты көлемі көрсетілген есептесу екіншісіне жататын болса;
- тараптардың келісім-шарт (контракт) шарттарын орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі.
Тармақ 10
10. Қазынашылық басқармасы келісім-шарт (контракт) тіркеген кезде осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген шарттардың болуын тексереді.
Тармақ 11
11. Орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісі (бағдарламаның І-тобы) мен есептесу (бағдарламаның ІІ-тобы) мына мазмұнда болуы тиіс:
- Тапсырыс беруші мен Атқарушының атаулары;
- келісім-шарт (контракт) қолданыла бастағаннан бастап, орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) жалпы құны;
- Атқарушы атына аударылған аванс сомасы;
- орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) бойынша бұрын актіленген сома;
- белгілі бір кезең ішінде (күні көрсетіледі) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) түрлері І-топ үшін олардың көлемі және ІІ-топ үшін мемлекеттік тапсырыс бірлігі санының нақтылы құны көрсетіледі;
- Атқарушы көрсетілген жұмысты (қызметті) орындау үшін жұмсалған нақты шығын сомасы;
- орындалған жұмысқа (көрсетілген қызметке) төлеу үшін авансты есепке ала отырып, Атқарушыға аударуды қажет ететін сома, бұл қаржыландырылып отырған айдағы бағдарлама (шағын бағдарлама) бойынша лимит қалдығынан аспауы тиіс;
- басшылардың қойған қолдары мен Тапсырыс беруші және Атқарушының мөр бедерлемелері.
Тармақ 12
12. Актіде көрсетілген деректердің дәлдігіне Тапсырыс беруші мен Атқарушы жауапты.
Тармақ 13
13. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы төлем тапсырмасында соманың және орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін Атқарушыға авансты есепке ала отырып, аударылатын қажетті соманың сәйкестігін көзбен шолып өтеді.
Тарау 20. ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі
ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі
Тармақ 14
14. Мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін Атқарушылармен есеп айырысу олардың екінші дәрежелі банктегі есепшоттары арқылы, не қаланың қазынашылық басқармасында жүргізіледі. Бұл үшін қаржы Тапсырыс берушінің бюджеттік есепшотынан Аударушының екінші дәрежелі банктегі есепшотына немесе қалалық қазынашылық басқармасына аударылады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бағдарламаны (шағын бағдарламаны) орындау үшін әрбір Атқарушыға жергілікті бюджеттің шығысы бекітілуіне сәйкес қаржыландыру басталған айдағы сомадан аспайтын мөлшерде аванс беріледі.
Тармақ 16
16. Қалалық қазынашылық басқармасының мемлекеттік мекеме - бағдарлама әкімшісінің (бюджеттік ақшаның кез келген дәрежедегі иесі) бюджеттік есепшотынан мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмысты (қызметті) орындаушы Атқарушының есеп айырысу шотына ақша аударуы үшін орындалған жұмыс (қызмет) Актісі негіз болып табылады. Бұл орайда төлем тапсырмасында мыналар болуы тиіс: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 Қаулысымен бекітілген тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес конкурстық іс жосығы нәтижесі бойынша рәсімделген хаттаманың нөмірі мен күні, келісім-шарттың (контрактының) нөмірі мен жасалған күні, мемлекеттік мекеменің міндеттеме нөмірі.
Тармақ 17
17. Қалалық қазынашылық басқарма ақша аудару кезінде (13-тармаққа сәйкес) көзбен шолу бақылауын және кейін ревизия кезінде тексеру жүргізеді.
Басқа 25
Қала Әкімінің 1999 жылғы
15 қазандағы N 972
шешіміне N 2 қосымша
Қаржыландыру топтары бойынша бөлінген тапсырыс
шеңберінде қаржыландырылатын жергілікті бюджет
бағдарламалары (шағын бағдарламалары)
---------------------------------------------------------
Функционалдық топ ! Атауы
Шағын функция !
Мекеме !
Бағдарлама !
Шағын бағдарлама!
---------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 ! 6
---------------------------------------------------------
І топ
3 Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік
1 Құқық қорғау қызметі
105 Әкім аппараты
44 Қалалар мен елді мекендерде жол
жүрісін реттеу
4 Білім
2 Бастауыш және орта білім
253 Білім басқармасы
32 Жергілікті деңгейде орта білім
жүйесін ақпараттандыру
5 Денсаулық сақтау
2 Халықтың денсаулығын қорғау
254 Денсаулық сақтау басқармасы
41 Жергілікті деңгейде салауатты
өмір салтын насихаттау
262 Медициналық қызметке ақы төлеу
Орталығы бөлімшесі
31 Жергілікті деңгейде салауатты
өмір салтын насихаттау
5 Медициналық көмектің басқа
түрлері
254 Денсаулық сақтау басқармасы
36 Жергілікті деңгейде халыққа
медициналық көмектің кепілді
көлемін көрсету
37 Жедел жәрдем көмегін көрсету
38 Облыста халық денсаулығын
қорғау жөніндегі басқа да
қызметтер
31 Азаматтардың жекелеген
санаттарын дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету
262 Медициналық қызметке ақы төлеу
Ортылығы бөлімшесі
33 Халыққа жергілікті деңгейде
мамандандырылғанды қоса
станционарлық медициналық көмек
көрсету
34 Облыста халықтың денсаулығын
қорғау жөніндегі өзге де
қызметтер көрсету
30 Сырқатының түріне қарай
азаматтардың жекелеген
санаттарын дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету
6 Әлеуметтік қамсыздандыру және
әлеуметтік көмек
2 Әлеуметтік көмек
258 Еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау
басқармасы
46 Тісті протездеу жөнінде
әлеуметтік көмек көрсету
23 Көпбалалы аналар
57 Жергілікті деңгейде
мүгедектерді әлеуметтік қолдау
32 Санаториялық-курорттық емделу
жөніндегі жеңілдіктер
58 Жергілікті деңгейде Ішкі
әскерлер және әскери борышын
өтеп жүрген әскери қызметшілерге
әлеуметтік қолдау көрсету
30 Қалалық, қала іргесіндегі және
жергілікті қатынас бойынша
қоғамдық көліктің барлық түрінде
жүру жеңілдіктері
59 1999 жылғы 7 сәуірге дейін
"Отан", "Даңқ" ордендерімен
марапатталған, "Халық қаһарманы"
жоғары атағын иеленген,
республиканың құрметті
атақтарын алған азаматтарды
жергілікті деңгейде әлеуметтік
қолдау
30 Қалалық, қала іргесіндегі және
жергілікті қатынас бойынша
қоғамдық көліктің барлық
түрінде жүру жеңілдіктері
31 Тұрғын үй-коммуналдық қызмет
шығындары жөніндегі жеңілдіктер
7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
4 Санитарлық жұмыстар
105 Әкім аппараты
35 Қоқыстарды және басқа
қалдықтарды жинау мен шығару,
канализациялық жүйелерді
пайдалану және көшелерді тазалау
5 Қала көшелерін жарықтандыру
105 Әкім аппараты
36 Көшелерді жарықтандыру
жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру және атқару
6 Қалалар мен елді мекендерді
көріктендіру
105 Әкім аппараты
37 Қалалар мен елді мекендерді
жасыл желекке бөлеу жөнінде
жұмыстар жүргізу
45 Жергілікті деңгейде қоғамдық
қажеттілік үшін жер бөлу
жөніндегі жұмыстарды жүргізу
8 Мәдениет, спорт және ақпараттық
кеңістік
1 Мәдениет саласындағы қызмет
252 Мәдениет басқармасы
36 Жергілікті деңгейде
театрландырылған ойын-сауық
шараларын өткізу
37 Мемлекет қайраткерлерінің
есімдерін есте қалдыру
3 Ақпараттық кеңістік
105 Әкім аппараты
46 Жергілікті деңгейде газеттер
мен журналдар арқылы
мемлекеттік ақпарат саясатын
жүргізу
47 Жергілікті деңгейде телерадио
хабарлары арқылы мемлекеттік
ақпарат саясатын жүргізу
65 Естелік Кітабын шығару
10 Ауыл, су және орман шаруашылығы
мен табиғатты қорғау
5 Қоршаған ортаны қорғау
105 Әкім аппараты
34 Жергілікті деңгейде қоршаған
ортаны қорғауды ұйымдастыру
31 Қоршаған ортаны қорғау жөнінде
жұмыстар жүргізу
11 Өнеркәсіп, құрылыс және жер
қойнауын пайдалану
2 Құрылыс
105 Әкім аппараты
48 Жергілікті деңгейдегі
жобалау-іздестіру,конструкторлық
және технологиялық жұмыстар
130 Алматы қаласының Әкімі
30 Алматы қаласындағы метрополитен
құрылысы
12 Көлік және байланыс
1 Автомобиль көлігі
105 Әкім аппараты
39 Қала жолдарының қызметін
қамтамасыз ету
49 Жергілікті деңгейде автомобиль
жолдарын салу
30 Жергілікті деңгейде автомобиль
жолдарын қайта жаңарту
13 Басқалары
9 Басқалары
105 Әкімдер аппараты
57 Жылжымайтын мүлік құнын
қамтамасыз ету
2 топ
4 Білім
4 Арнаулы орта білім
253 Білім басқармасы
8 Жергілікті деңгейде арнаулы
орта оқу орындарында
кадрлар даярлау
254 Денсаулық сақтау басқармасы
8 Жергілікті деңгейде арнаулы
орта оқу орындарында
кадрлар даярлау
5 Кадрларды қайта даярлау
253 Білім басқармасы
11 Жергілікті деңгейде кадрларды
қайта даярлау
6 Мемлекеттік мекемелер кадрларын
қайта даярлау
5 Денсаулық сақтау
3 Мамандырылған медициналық көмек
254 Денсаулық сақтау басқармасы
40 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен
мүгедектеріне арналған
ауруханалар мен емханалар
5 Медициналық көмектің өзге де
түрлері
254 Денсаулық сақтау басқармасы
35 Қор ұстау үлгісі бойынша
алғашқы медициналық-санитарлық
көмек көрсету
262 Медициналық қызметке ақы төлеу
жөніндегі Орталықтың бөлімшесі
32 Қор ұстау үлгісі бойынша
алғашқы медициналық-санитарлық
көмек көрсету
8 Мәдениет, спорт және ақпараттық
кеңістік
1 Мәдениет саласындағы қызмет
252 Мәдениет басқармасы
39 Жергілікті деңгейде
тарихи-мәдени құндылықты сақтау
---------------------------------------------------------
Басқа 26
Қала Әкімінің 1999 жылғы
15 қазандағы N 972
шешіміне N 3 қосымша
БЕКІТЕМІН
Мемлекеттік мекеме-бағдарлама
әкімшісі басшысы
_____________________________
"___"_____________ 199 ж.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын
жұмыс (қызмет көрсету) жоспары
кодтар
Мемлекеттік мекеме-бағдарламалар
әкімшісі ______
Бағдарлама ______
Шағын бағдарлама ______
Мемлекеттік тапсырысты Атқарушы ______
!------------------------------!
!1999 жылға жұмыс ! 1999 жылға!
!(қызмет) жоспары ! сома !
! !(мың теңге)!
!------------------------------!
! !
! !
! !
! !
! !
!------------------------------!
Мемлекеттік тапсырысты Атқарушы __________________
Мемлекеттік мекеме-бағдарламалар
әкімшісі қаржы бөлімшесінің басшысы ______________
Ескерту:
Бұл үлгі мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландырылатын І-топқа жататын бағдарлама (шағын бағдарлама) үшін толтырылады.
Басқа 27
Қала Әкімінің 1999 жылғы
15 қазандағы N 972
шешіміне N 4 қосымша
БЕКІТЕМІН
Мемлекеттік мекеме-бағдарлама
әкімшісі басшысы
______________________________
"___"_____________ 199 ж.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын
жұмыс (қызмет көрсету) жоспары
кодтар
Мемлекеттік мекеме-бағдарламалар әкімшісі ______
Құн бірлігі шығынының негізгі түрлері
бағдарлама бойынша ______
Шағын бағдарлама бойынша ______
Мемлекеттік тапсырысты Атқарушы ______
(мың теңге)
!----------------------------------------------!
!Код ! Атауы !1999 жылға !
! ! ! болжам !
!----------------------------------------------!
! !Бірліктің жалпы саны ! !
! ! ! !
! !Шығындар _______________ ! !
! ! (құн бірлігі) ! !
! ! ! !
! !Жалпы санға жұмсалған барлық ! !
! !шығын ! !
!----------------------------------------------!
Мемлекеттік тапсырысты Атқарушы _______________
Мемлекеттік мекеме-бағдарламалар
әкімшісі қаржы бөлімшесінің басшысы ____________
Ескерту:
Бұл үлгі мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландырылатын ІІ-топқа жататын бағдарлама (шағын бағдарлама) үшін толтырылады.