Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 2-тармақ 5-бабының нормаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысын іске асыру үшін, сонымен бірге 2009 жылы 13 маусымда жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен жұмысы жоқ азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесі белгіленсін:
2009 жылы 13 маусымда жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен жұмысы жоқ азаматтар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасарлары Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға, Геннадий Иванович Савиновқа, Әсет Серікұлы Қанағатовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.