Балтабай селолық округіндегі Балтабай селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балтабай селолық округіндегі Балтабай селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 3 келісімін және ауыл тұрғындарының 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 3 хаттамасын және тұрғындар өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай селосындағы: "Северная" атындағы көшенің атауы "Желтоқсан"; "Алматинская" атындағы көшенің атауы "Д.Қонаев"; "МТФ-2" атындағы көшенің атауы "Азаттық"; "Заречная" атындағы көшенің атауы "Теректі"; "Комарова" атындағы көшенің атауы "Бостандық"; "Табачная" атындағы көшенің атауы "Тәуелсіздік"; "Калинина" атындағы көшенің атауы "Алатау"; "2-Новостроевская" атындағы көшенің атауы "Көктем"; "5-Новостроевская" атындағы көшенің атауы "Береке"; "4-Новостроевская" атындағы көшенің атауы "Ынтымақ"; "40-лет Победы" атындағы көшенің атауы "Жеңіс"; "Школьная" атындағы көшенің атауы "Мектеп"; "Советская" атындағы көшенің атауы "Кеңес"; "Садовая" атындағы көшенің атауы "Алмалы" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Балтабай ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімінің орынбасары Сауле Базарбайқызы Алиповаға жүктелсін. 4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.