Балтабай селолық округіндегі Ақтоғай және Ақбастау селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Балтабай селолық округіндегі Ақтоғай және Ақбастау селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 4 келісімін және ауыл тұрғындарының 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 4 және 4 сәуірдегі N 5 хаттамаларын және тұрғындар өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақтоғай селосындағы:
"Мичурин" атындағы көшенің атауы "Береке";
"Центральная" атындағы көшенің атауы "Хызмет Абдуллин";
"Жаңақұрылыс" атындағы көшенің атауы "Самал" атындағы көшесі деп;
Тармақ 2
2. Ақбастау селосындағы:
"Мир" атындағы көшенің атауы "Бейбітшілік";
"Садовая" атындағы көшенің атауы "Алмалы" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Балтабай ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімінің орынбасары Сауле Базарбайқызы Алиповаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.