О передаче государственных пакетов акций некоторых акционерных обществ в уставный капитал акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 249-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Астана-Қаржы", "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат коры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 1148 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Тармақ 1
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Тармақша 1
1) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: "Астана қаласы" деген бөлімде: реттік нөмірі 107-5-жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: "Алматы қаласы" деген бөлімде: реттік нөмірлері 123-83, 123-112, 123-113-жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында : иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлімде: реттік нөмірі 217-4-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" деген бөлімде: реттік нөмірлері 222-38, 222-39-жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. "Қазына орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 937 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 38, 435-құжат): 3-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 961 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 39, 451-құжат): 4-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы N 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 41, 458-құжат): 7-тармақтың 2) тармақшасындағы "пакетін" деген сөзден кейін "кейіннен Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге бере отырып," деген сөздермен толықтырылсын.