Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері Ескетру. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N 1465 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
Тармақша 2
2) Агенттік қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Агенттікке, Төрайымның үш орынбасары, оның ішінде Төрайымның бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болуына рұқсат етілсін.
Тармақ 3
3. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы N 553 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, N 17, 187-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 27-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, N 40, 343-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құрылатын мекемелері тізбесінің 1-32-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, N 43, 391-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкестендіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, азаматтардың денсаулығын қорғау аясында басшылықты, сондай-ақ арнаулы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Агенттікке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтармен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 5
5. Агенттіктің Ережесі мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 6
6. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Москва көшесі, 66.
Тармақ 7
7. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауына тыйым салынады. Егер Агенттікке заң актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру жөнінде құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) халықтың денсаулығын сақтау жөнінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) азаматтардың заңдарға сәйкес мемлекет кепілдік берген шектерде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) халыққа санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру және олардың атқарылуын бақылау;
Тармақша 4
4) халық пен емдеу-профилактикалық ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) медицина және фармацевтика ғылымын дамыту;
Тармақша 6
6) медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі шараларды айқындау;
Тармақша 7
7) ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың материалдық-техникалық, оқу және ғылыми-өндірістік базасын дамыту;
Тармақша 8
8) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 9
9) Агенттіктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
Тармақ 11
11. Агенттік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы тұжырымдамаларды, стратегияларды, мемлекеттік және нысаналы кешендік бағдарламалар мен жоспарларды, денсаулық сақтау саласының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, өз құзыретінің шегінде оларды іске асыру мен олардың орындалу барысын бақылау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы жобаларды дайындауға қатысады және халықаралық шарттар мен келісімдерге белгіленген тәртіппен қол қояды;
Тармақша 3
3) азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды, республикалық бюджеттен қаржыландыруды және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) республика денсаулық сақтау саласының бюджеттік болжауы мен индикативтік жоспарын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 5
5) медициналық жәрдемнің тегін кепілдендірілген көлемі мен емдеу-профилактикалық ұйымдардағы ақылы қызметтер көрсетудің тізбесін әзірлейді;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтауды реформалаудың негізгі бағыттарын әзірлейді, олардың іске асырылуы мен орындалу барысын бақылау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, медицина ғылымының басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді, денсаулық сақтау практикасына ғылыми зерттеулер мен талдамалар нәтижелерін енгізуді ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру мәселелерін шешуге қатысады;
Тармақша 9
9) жергілікті атқарушы органдар арқылы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) өз құзыретінің мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қалыптастыру саласында қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) төтенше жағдайлар кезінде медициналық жәрдем ұйымдастыруды және көрсетуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) өз құзыретінің шегінде сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптау жөніндегі қызметті басқаруды және оны ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) денсаулық сақтауды, фармацевтикалық және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі шараларды айқындайды және жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында заңдардың қолданылу практикасын талдайды және қорытындылайды, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде заңдық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 15
15) білім беру саласындағы орталық атқарушы органдармен бірлесіп орта және жоғары медициналық білім берудің мемлекеттік стандарттарын әзірлейді;
Тармақша 16
16) денсаулық сақтау саласына шетелдік несиелер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 17
17) емдеу-профилактикалық ұйымдарын, медициналық оқу орындарын, медицина және фармацевтикалық қызметшілердің біліктілігін көтеру курстарын мемлекеттік аттестаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) медициналық құралдар мен фармацевтикалық өнімнің сапасын бақылау жөніндегі дәрі-дәрмек құралдарын және медициналық техниканы сертификаттау және стандарттау органдарын аттестаттауға қатысады;
Тармақша 19
19) медициналық білім туралы құжаттардың баламалылығын анықтайды, халықаралық шарттардың негізінде олардың Қазақстан Республикасы аумағында тану (нострификация) мәселелерін шешеді;
Тармақша 20
20) денсаулық сақтау мамандарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысады, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау қайта даярлауды ұйымдастырады және жүргізеді, денсаулық сақтау қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау қызметкерлерін аттестаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою жүзеге асырады және денсаулық сақтау саласындағы тауарларды экспорттау мен импорттауға лицензия беру туралы шешімдерді келісуге қатысады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық, эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік мекемелері қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді аурулардың келуінен және таралуынан сақтауды ұйымдастырады;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, өз өкілеттіктері шегінде санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді бекітеді;
Тармақша 25
25) дәрілік заттардың Мемлекеттік Фармокопеясы мен Мемлекеттік тізілімін бекітеді, медицина практикасында дәрілік заттардың қолданылуын тіркеуді және оған рұқсат беруді жүзеге асырады, дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы заттар мен техника жөнінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдар шығаратын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техниканы техникалық сынақтардан өткізуге қатысады, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде ізгілік көмектер мен заемдардың желісі бойынша келіп түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға жәрдемдеседі, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 28
28) халықтың денсаулық жағдайына талдау жасайды, медициналық-санитарлық ақпаратты әзірлеу мен ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы есепке алу-есеп беруді жетілдіру жөнінде шаралар жүргізеді;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау жөнінде өз қызметі аясында халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылда және ынтымақтастықта болады;
Тармақша 30
30) өзіне заңмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 📌 ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.05.23. N 695 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Негізгі міндеттерді іске асыру мен өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Агенттік өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) дәрі-дәрмек құралдарының қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына, фармацевтикалық қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға және дәрі-дәрмек заттарымен айналысу жөніндегі заңдық және өзге де нормативтік актілерді бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға және санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің, нормалардың және гигиеналық нормативтердің бұзылғаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға;
Тармақша 3
3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге олардың жарғыларын бекітуге;
Тармақша 4
4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда бюджеттік қаражаттың орналастыруы мен пайдаланылуы жөнінде тексеріс жүргізуге;
Тармақша 5
5) өз құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 6
6) мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру жөнінде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ салааралық және аймақаралық үйлестіруді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне және денсаулық сақтауды дамытуға ерекше үлес қосқан медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынуға;
Тармақша 8
8) баспагерлік қызметті іске асыруға, өз бағынысында журналдары мен газеттері, басқа да баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары болуына;
Тармақша 9
9) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізуге;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Агенттіктің мүлкі
3. Агенттіктің мүлкі
Тармақ 13
13. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық мүлікке жатады.
Тармақ 15
15. Агенттіктің мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Агенттікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Агенттік қызметін ұйымдастыру
4. Агенттік қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Төраға (Төрайым) басқарады. Төрағаның (Төрайымның) оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметке Агенттік төрағасының (төрайымның) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері басшылық етеді. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Агенттік төрағасының (төрайымының) орынбасары болып табылады.
Тармақ 18
18. Агенттік төрағасы (төрайымы) Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап береді.
Тармақ 19
19. Агенттік төрағасы (төрайымы) осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету және тәртіптік шаралар қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) Агенттіктің құрылымын, штаттық кестесін және жұмыс Регламентін, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Агенттікте консультациялық-кеңесші орган - Алқа құрылады, оның саны мен жеке құрамын Агенттіктің төрағасы (төрайымы) бекітеді. Алқа шешімі қаулымен ресімделеді және Төрағаның (Төрайымның) бұйрығымен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 93. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдарының Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдарының Тізбесі
Тарау 1. 1. Мемлекеттік мекемелер
1. Мемлекеттік мекемелер
Тармақ 1
1. Көліктегі Мемсанэпидемқадағалаудың Ақмола аймақтық орталығы
Тармақ 2
2. Арал обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 3
3. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 4
4. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 5
5. Көліктегі Мемсанэпидемақадағалаудың Батыс-аймақтық орталығы
Тармақ 6
6. Қазақ республикалық лепрозорийі
Тармақ 7
7. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 8
8. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы
Тармақ 10
10. Отан соғысының мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь
Тармақ 11
11. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы
Тармақ 12
12. Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана
Тармақ 13
13. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана
Тармақ 14
14. СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық
Тармақ 15
15. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
Тармақ 16
16. "Бурабай" республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез санаторийі
Тармақ 17
17. Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана
Тармақ 18
18. "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийі
Тармақ 19
19. Республикалық арнаулы медициналық қамтамасыз ету орталығы
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының әуе жолы көлігінің санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
Тармақ 21
21. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 22
22. Орал обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 23
23. Медициналық апат орталығы
Тармақ 24
24. Сот медицинасы орталығы
Тармақ 25
25.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасының көліктегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
Тармақ 27
27. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы
Тарау 2. 2. Мемлекеттік кәсіпорындар
2. Мемлекеттік кәсіпорындар
Тармақ 28
28. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты
Тармақ 29
29. Ақмола мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 30
30. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 31
31. "Здравоохранение Казахстана" журналының баспа үйі
Тармақ 32
32. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 33
33. Қазақ "Құрмет белгісі" орденді көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 34
34. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 35
35. Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы
Тармақ 36
36. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
Тармақ 37
37. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 38
38.
Тармақ 39
39.
Тармақ 40
40. Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-өндірістік шеберханасы
Тармақ 41
41. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы
Тармақ 42
42. С.Х.Суханбердин атындағы Қазақстан медицина және денсаулық сақтау тарихының мұражайы
Тармақ 43
43. А.Н.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталығы
Тармақ 44
44. Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урологиялық ғылыми орталық
Тармақ 45
45. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
Тармақ 46
46. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
Тармақ 47
47. Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығы
Тармақ 48
48. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы
Тармақ 49
49. Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 50
50. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 51
51. Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы
Тармақ 52
52. Республикалық қан орталығы
Тармақ 53
53. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
Тармақ 54
54. Республикалық орта медициналық және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі колледж
Тармақ 55
55.
Тармақ 56
56. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы
Тармақ 57
57. "Алатау" балалар клиникалық санаторийі
Тармақ 58
58. Республикалық консультациялық орталық.
Тармақ 59
59. Республикалық оқыту-әдістемелік орталығы
Тармақ 60
60. Семей мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 61
61. "Дәрі-дәрмек" дәрілік құралдар орталығы
Тармақ 62
62.
Тармақ 63
63. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі
Тармақ 64
64. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 65
65. "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
Тармақ 66
66. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
Тармақ 67
67. Травматология және ортопедия республикалық ғылыми-зерттеу институты.
Тармақ 68
68. Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау жөнiндегi республикалық зертхана.
Тармақ 69
69. Республикалық клиникалық аурухана.
Тармақ 70
70. Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы 📌 ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 286 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.13. N 1708 қаулысымен. Ескерту. 63 жол өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.18. N 1735 қаулысымен. Ескерту. 63 жол өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.18. N 1735 қаулысымен. Ескерту. 66 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.12.14. N 1845 қаулысымен. Ескерту. 67 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09. N 215 қаулысымен. Ескерту. 68-69 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 294 қаулысымен. Ескерту. 55 жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 296 қаулысымен. Ескерту. 67 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.02. N 323 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 35-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 582 қаулысымен. Ескерту. 36-жол өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N 892 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 34-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.09.07. N 1163 қаулысымен. Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.29. N 1370 қаулысымен. Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.13. N 1445 қаулысымен.