О переименовании улиц в городе Кокшетау Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қаласының көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 15) тармақшасына , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының тұрғындарының пікірлерін және Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі Көкшетау қалалық комиссияның 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 1 шешімін ескере отырып, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласының келесі көше атаулары өзгертілсін: «Чкалов» атындағы көше «Жұмабек Тәшенов» атындағы көше болып өзгертілсін; «Коммунистический» көшесі «Мағзи Әбілқасымов» атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы және шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.