О присвоении наименований микрорайону и отдельным улицам Алатауского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алатау ауданында жаңа құрылған ықшамауданға және жеке көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес қалалық ономастика комиссиясының ұсынысы негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алатау ауданында жаңа құрылған ықшамауданға «Саялы» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. «Саялы» ықшамауданындағы көшелерге мына атаулар берілсін: 1 Ақсай бірінші көшеге 2 Ақбұлақ екінші көшеге 3 Аққайың үшінші көшеге 4 Аққайнар төртінші көшеге
Тармақ 3
3. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап, орнатуға қала бюджетінде көзделген қаржы есебінен ақша қаражатын бөлсін.
Тармақ 4
4. Алатау ауданының әкімі, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап, орнатсын.
Тармақ 5
5. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға және Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.