Сарыағаш қаласындағы кейбір көшелердің атын өзгерту және аты жоқ көшеге ат қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Сарыағаш қаласындағы кейбір көшелердің атын өзгерту және аты жоқ көшеге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бап 5-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына және Сарыағаш қаласындағы Ташкентская, Горная, СТО "ВАЗ" маңындағы аты жоқ көше тұрғындарының пікірлерін ескере отырып Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сарыағаш қаласындағы Ташкентская көшесінің атауы өзгертіліп, Нұрлан Ысқақов есімімен аталсын.
Тармақ 2
2. Сарыағаш қаласындағы Горная көшесінің атауы өзгертіліп, Малдыбек ата есімімен аталсын.
Тармақ 3
3. Сарыағаш қаласындағы СТО "ВАЗ" маңындағы аты жоқ көшеге Батыр Мекенбаевтың есімі берілсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.