Қарабұлақ ауылының шегін өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Қарабұлақ ауылының шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарабұлақ ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 3,42 гектар жер телімі алынып, Қарабұлақ ауылының шегіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы көлемі 3,42 гектар жер телімі қосылып, Қарабұлақ ауылының шегі өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.