Түркістан қаласы ауылдарының шекараларына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Түркістан қаласы ауылдарының шекараларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес және Түркістан қаласының жерге орналастырудың, сәулет және қала құрылысының бірлескен ұсынысы бойынша қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласы ауылдарының шекараларына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Үшқайық ауылдық округі аумағынан көлемі 1898,16 гектар жер телімі алынып, Теке ауылының шегіне 1546,95 гектар, Нұртас ауылының шегіне 351,21 гектар;
Тармақша 2
2) Жаңа Иқан ауылдық округі аумағынан көлемі 224,09 гектар жер телімі алынып, Ибата ауылының шегіне 224,09 гектар;
Тармақша 3
3) Иассы ауылдық округі аумағынан көлемі 78,72 гектар жер телімі алынып, Шойтөбе ауылының шегіне 78,72 гектар;
Тармақша 4
4) Жүйнек ауылдық округі аумағынан көлемі 96,0 гектар жер телімі алынып, Шипан ауылының шегіне 39,3 гектар, Жүйнек ауылының шегіне 31,8 гектар, Шекербұлақ ауылының шегіне 24,9 гектар;
Тармақша 5
5) Бабайқорған ауылдық округі аумағынан көлемі 80,3 гектар жер телімі алынып, Абай ауылының шегіне 28,9 гектар, Бабайқорған ауылының шегіне 51,4 гектар;
Тармақша 6
6) Шаға ауылдық округі аумағынан көлемі 2952,88 гектар жер телімі алынып, 30-Жылдық ауылының шегіне 1923,91 гектар, Бершінтөбе ауылының шегіне 1028,97 гектар;
Тармақша 7
7) Шорнақ ауылдық округі аумағынан көлемі 2390,61 гектар жер телімі алынып, Шорнақ ауылының шегіне 707,66 гектар, Қосмезгіл ауылының шегіне 489,63 гектар, Аша ауылының шегіне 1193,32 гектар;
Тармақша 8
8) Жібек жолы ауылдық округі аумағынан көлемі 1256,0 гектар жер телімі алынып, Сауран ауылының шегіне 944,2 гектар, 30-разъезд ауылының шегіне 311,8 гектар;
Тармақша 9
9) Сауран ауылдық округі аумағынан көлемі 1660,45 гектар жер телімі алынып, Ынталы ауылының шегіне 1660,45 гектар;
Тармақша 10
10) Оранғай ауылдық округі аумағынан көлемі 544,3 гектар жер телімі алынып, Бостандық ауылының шегіне 24,8 гектар, Оранғай ауылының шегіне 519,5 гектар;
Тармақша 11
11) Қарашық ауылдық округі аумағынан көлемі 340,47 гектар жер телімі алынып, Қарашық ауылының шегіне 302,49 гектар, Құмтиын ауылының шегіне 37,98 гектар;
Тармақша 12
12) Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан көлемі 1395,33 гектар жер телімі алынып, Ескі Иқан ауылының шегіне 1172,33 гектар, Достық ауылының шегіне 223,0 гектар енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы көлемі 12917,31 гектар жер телімі қосылып, Үшқайық ауылдық округіндегі Теке және Нұртас ауылдарының шегі;
Жаңа Иқан ауылдық округіндегі Ибата ауылының шегі;
Иассы ауылдық округіндегі Шойтөбе ауылының шегі;
Жүйнек ауылдық округіндегі Шипан, Жүйнек және Шекербұлақ ауылдарының шегі;
Бабайқорған ауылдық округіндегі Абай және Жүйнек ауылдарының шегі;
Шаға ауылдық округіндегі 30-Жылдық және Бершінтөбе ауылдарының шегі;
Шорнақ ауылдық округіндегі Шорнақ, Қосмезгіл және Аша ауылдарының шегі;
Жібек жолы ауылдық округіндегі Сауран және 30-разъезд ауылдарының шегі;
Сауран ауылдық округіндегі Ынталы ауылының шегі;
Оранғай ауылдық округіндегі Бостандық және Оранғай ауылдарының шегі;
Қарашық ауылдық округіндегі Қарашық және Құмтиын ауылдарының шегі;
Ескі Иқан ауылдық округіндегі Ескі Иқан және Достық ауылдарының шегі өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.