Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Лучший товар Казахстана"

Қаулы · № 1167 · қабылданған 31.07.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47193/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Лучший товар Казахстана" Қолданыста Қаулы ·№ 1167 ·31.07.2009
04.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Лучший товар Казахстана"

Қолданыста Қаулы ·№ 1167 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Лучший товар Казахстана"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1167
Қабылданған күні
31.07.2009
Көрсетілген редакция
04.03.2025 47193_748150.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001167_
ЭКБ идентификаторы
47193
Редакция идентификаторы
47193_748150
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:37

0

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларын және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары бекітілсін.

1-1 1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары бекітілсін.

2

2. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін және "Алтын сапа" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1059 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 41, 449-бап) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.

2 2. Материалдарды ресімдеу және ұсыну тәртібі

3 3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушылар өңірлік кәсіпкерлер палаталарына www.altynsapa.kz сайтында электрондық нысанда және (немесе) қағаз нысанда 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және мыналарды:

1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама-декларацияны;

2 2) конкурсқа қатысушының өз қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелерінің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін А4 пішіміндегі 38 парақтан аспайтын есебін;

3 3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) – А4 пішіміндегі 30 парақтан аспайды;

4 4) конкурсты ұйымдастырушы белгілеген нысан бойынша өлшемшарттар көрсеткіштері негізінде толтырылған конкурсқа қатысушының сапа саласындағы қызметін өзін-өзі бағалау бойынша сауалнаманы;

5 5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

6 6) менеджмент жүйелеріне арналған сертификаттардың көшірмесін қамтитын құжаттар жиынтығын тапсырады.

4 4. Конкурсқа қатысушының есебі мыналардан тұруға тиіс:

1 1) конкурсқа қатысушы қызметіне қысқаша шолу;

2 2) Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының моделіне сәйкес белгіленген өзіндік бағалау өлшемшарттарының сипаты.

5 5. Көлемі А4 пішіміндегі 6 парақтан аспайтын қысқаша шолуда мыналар қамтылуға тиіс:

1 1) конкурсқа қатысушының тарихы;

2 2) өнімнің (қызметтердің) негізгі түрлерінің сипаты;

3 3) ұйымдық құрылымы;

4 4) өнімнің (қызметтердің) сапасына қойылатын негізгі талаптар;

5 5) өнімді өткізетін негізгі нарықтар немесе көрсетілген қызметтер туралы ақпарат (өңірлік, республикалық, халықаралық);

6 6) өнімді (қызметтерді) негізгі тұтынушылардың сипаттамасы;

7 7) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат;

8 8) конкурсқа қатысушының маңыздылығын білдіретін өзге ақпарат.

6

6. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінім берген сәттен бастап конкурсты ұйымдастырушы, конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы) және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының шешімімен құрылған сараптамалық топтар (бұдан әрі –сараптамалық топтар) конкурс материалдарында қамтылған ақпаратқа қатысты толық құпиялылықты қамтамасыз етеді.
Өңірлер мен номинациялар бөлінісіндегі қатысушылар тізімі конкурстың ресми сайтында қолжетімді болады. Толық емес құжаттар жиынтығымен өтінім берген кәсіпкерлік субъектілері конкурсқа қатысушылардың тізіміне енгізілмейді.

7 7. Конкурсқа қатысушының мүмкіндіктері мен қызметінің нәтижелерін сипаттайтын өлшемшарттарды (бұдан әрі – өлшемшарттар) конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.

3 3. Материалдарды алдын ала бағалау тәртібі

8 8. Ұсынылған материалдарға алдын ала бағалау жүргізу:

1 1) конкурсқа қатысушылардың материалдарына және қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізуді;

2 2) конкурс ұйымдастырушысы сараптамалық тобының конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауын және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындауын қамтиды.

Конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауды сараптамалық топтар және конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы жүзеге асырады.

9

9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арасынан сараптамалық топтар құрылады.
Сараптамалық топтардың жергілікті жерлердегі сандық құрамы 3 (үш) адамнан кем болмауға тиіс.

10 10. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалауды сараптамалық топтар конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық топтар өңірлерде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сараптамалық қорытындыны жасайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес балл түрінде баға қояды.

11 11. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне алдын ала бағалау жүргiзгеннен кейiн құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 тамызға дейінгі мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға жiберіледi.

12

12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы құрылады.
Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобының сандық құрамы 9 (тоғыз) адамнан кем болмауға тиіс.

13 13. Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы конкурсқа қатысушылардың материалдарын, сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес балл түрінде алдын ала бағаларды қояды.

_________________________

1-1 Тіркеу нөмірі__________

Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа»
сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларына
1-қосымша
Тіркеу нөмірі__________
Конкурсты ұйымдастырушы –
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысуға
өтінім
1. Өтінім беруші
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы ________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________________
Ресми сайт ___________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі ___________________________________________________
2.Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы_____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________________
Лауазымы _____________________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________________
Қызметтік/ұялы телефоны, факс, e-mail ________________________________
3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің сипаттамасы
Жұмыскерлердің жалпы саны ____________________________________________
Филиалдар саны (болған кезде) ________________________________________
Қосымша:
Құжаттар жиынтығы.
Басшының қолы
______ жылғы «__»___________
МО
* Электрондық нысанда тапсырылған кезде өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылады.
** Өтінімге осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қағаз және/немесе электрондық нысанда (сканерленген) конкурстық құжаттар қоса беріледі.
_________________________

1-2 Тіркеу нөмірі ____________________

Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа»
сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларына
2-қосымша
Тіркеу нөмірі ____________________
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушының сауалнама-декларациясы
Номинациясы ______________________________________________________________
Санаты ___________________________________________________________________
Өңір _____________________________________________________________________
1. Конкурсант
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы ____________________________________
Заңды мекенжайы __________________________________________________________
Нақты мекенжайы __________________________________________________________
Ресми сайты_______________________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты___________________________________________________
Лауазымы__________________________________________________________________
Пошталық мекенжайы _______________________________________________________
Қызметтік телефоны (оның ішінде ұялы телефоны) ___________________________
e-mail: __________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы туралы мәліметтер
Кәсіпорынның құрылған күні _______________________________________________
Жұмыскерлердің жалпы саны ________________________________________________
Филиалдар саны (болған кезде) ____________________________________________
Негізгі қызмет түрлері __________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды _____________________________
4. Уәкілетті және конкурсқа жауапты адам
Тегі, аты, әкесінің аты___________________________________________________
Лауазымы__________________________________________________________________
Телефоны (оның ішінде ұялы телефоны) _____________________________________
e-mail: ________________________ факс __________________________
5. Декларация
Кәсіпорын атынан біз конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген қағидаларды орындауға келісетінімізді және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарының атақтарын беру жөніндегі комиссияның шешімін түпкілікті деп қабылдайтынымызды мәлімдеймін. Жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және шынайы өткізуге көмек көрсетеміз. Біз кәсіпорынның осындай сараптамаға байланысты шығыстарды көтеретінін түсінеміз.
Басшының қолы
_____жылғы «___»________
МО
_________________________

1-3 Негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратты ұсыну нысаны

Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа»
сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларына
3-қосымша
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратты ұсыну нысаны
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткер
ұйымның атауы _______________________________________________________
Р/с №
Көрсеткіштер атауы
Өлшем бірлігі*
Алдыңғы 3 жылда
Өсу қарқыны %
Жоспар
20__ жылы
20__ жылы
20__ жылы
1.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі
млн. тг.
2.
Өндірілген өнім көлемі
млн. тг.
3.
Сатылған өнім көлемі
4.
Сатудың жалпы көлеміндегі экспорт
%
млн. тг
5.
Рентабельділігі
%
6.
Қазақстандық қамту дәрежесі
%
7.
Жұмыс істеушілердің орташа айлық саны
адам
8.
Орташа айлық еңбекақысы
тг
9.
Ұйым өнімдерінің нарықтағы үлесі
%.
* алдыңғы жылға (салыстырмалы цифрларда) % түрінде көрсетуге болады
Кәсіпорын басшысы___________ ______________
Бас бухгалтер ___________ _________________
_________________________

1-4 Сараптамалық қорытынды

Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа»
сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларына
4-қосымша
Сараптамалық қорытынды
Номинациясы _________________________________________________________
Санаты ______________________________________________________________
Кәсіпорынның атауы __________________________________________________
Өңір ________________________________________________________________
Басшысы (ресми лауазымы) _______ ____________________________________
Басшының Т.А.Ә. _____________________________________________________
Кәсіпорын _______ жылы құрылды
Жұмыскерлер саны ______ адам.
Негізгі қызмет түрлері ______________________________________________
Ұйым өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) нарықтағы үлесін, экспортты, жаңа өнім түрлерін игеруді, заттық және (немесе) ақшалай нысанда өндіру және сату көлемін, өнімдегі қазақстандық қамту дәрежесін, сертификатталған менеджмент жүйелерінің болуын, кәсіпорынның сала мен қоғамды дамытуға қосқан үлесін, өнертабыстардың, патенттердің болуын, конструкциялар жаңалығын, кәсіпорынның (ұйымның) норма шығармашылығы процесіне, қайырымдылыққа қатысуын және т.б. қоса алғанда, жалпы қызмет нәтижелерінің сипаттамасы (А4 пішімінде көлемі 1 парақтан аспауға тиіс).
Қорытындылар:
Күшті жақтары _____________________________________________________
Әлсіз жақтары ___________________________________________________
Ұсыныстар: _________________________________________________________
Конкурсанттың құжаттары:
Балл түрінде сараптамалық баға
Қолы
_____жылғы «___»________
_________________________

1-5 Бағалаудың жиынтық кестесі ___________________________________________________ (заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы)

Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа»
сыйлығын алуға арналған
конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну
және алдын ала бағалау
қағидаларына
5-қосымша
Бағалаудың жиынтық кестесі
___________________________________________________
(заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы)
Өлшемшарттар және өлшемшарттардың құрамдас бөліктері
Баллмен берілген ең жоғары баға
Өзін-өзі баллмен бағалау
Балл түріндегі бағалар
Өңірдегі сарапта- малық топ
Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы
Кәсіпорындарға бару қорытындылары бойынша
1
2
3
4
5
6
Мүмкіндіктерді сипаттайтын өлшемшарттар (1-5)
500
1. Көшбасшылық
100
2. Стратегия
100
3. Персонал
100
4. Әріптестік және ресурстар
100
5. Процестер, өнімдер және көрсетілетін қызметтер
100
1
2
3
4
5
6
Нәтижелерді сипаттайтын өлшемшарттар (6-9)
500
6. Тұтынушы үшін нәтижелер
150
7. Персонал үшін нәтиже
100
8. Қоғам үшін нәтиже
100
9. Бизнес үшін нәтиже
150
10. Барлық өлшемшарттар бойынша баллдардың жалпы саны
1000
Жиыны:
Тұжырымдар:_____________________________________
Ұсыныстар:_________________________________________
_______ жылғы «___» _____________
Т.А.Ә. ________________________________________________
(сараптамалық топ төрағасының қолы)
___________________________

2 «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы
9 қазандағы № 194 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидалар «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрі – өңірлік конкурс, республикалық конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.

3

3. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астананың кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.

4 4. Республикалық конкурсты және оның дипломанттарын марапаттау рәсімін өткізу салтанатты түрде өткізіледі.

2 2. Өңірлік конкурстарға ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

5 5. Өңірлік конкурсқа қатысуға:

1 1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;

2 2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.

6 6. Конкурсқа қатысушылар www.altynsapa.kz сайтында электрондық нысанда және (немесе) қағаз пішімде кәсіпорынның тіркеу орны бойынша өңірлік кәсіпкерлер палаталарына мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінім;

2 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сауалнама-декларация;

3 3) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (болған кезде);

4 4) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (болған кезде);

5 5) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты, сондай-ақ өнімнің бәсекеге қабілеттілік артықшылықтары (өнімнің ерекшелігі мен сапасын растайтын құжаттар);

6 6) ұйым өз нәтижелерін бағалайтын негізгі экономикалық көрсеткіштер және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдістері;

7 7) өз қызметінің нәтижелері туралы ақпарат (ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін қысқаша түсініктер мен деректері бар кестелермен сүйемелденуге тиіс графиктер немесе диаграммалар түрінде ұсынылады).

7 7. Өңірлік конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімдерді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін өңірлік сараптамалық топ құрылады.

8 8. Өңірлік сараптамалық топтар өңірлік конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылады.

Сараптамалық топтардың құрамына сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді.
Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде 3 (үш) адамнан тұруға тиіс.

9 9. Жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімін алдын ала сараптамалық бағалауды өңірлік конкурсты ұйымдастырушы бекіткен графикке сәйкес сараптамалық топтар жүзеге асырады.

10 10. Өңірлік конкурстар өңірлік конкурстарды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, бірақ конкурстар өткізілетін жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей өткізіледі.

Өңірлік сараптамалық топтар:

1 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2 2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;

3 3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өңірлік конкурстардың 9 жеңімпазын (әр номинация бойынша үшеуден) анықтайды.

Сараптамалық топтар конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімін алдын ала сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес алдын ала сараптамалық қорытынды жасайды.

11 11. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстар өткізілетін жылдың 15 тамызынан кешіктірмей, өңірлік конкурстар жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.

Құжаттар жиынтығы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес сараптамалық қорытындыларымен және сараптамалық бағаларымен өңірлік конкурстар жеңімпаздарының материалдарын қамтиды.

12 12. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

3 3. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

13 13. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сараптамалық топтар (бұдан әрі – сараптамалық топтар) құрылады.

Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде 5 (бес) адамды құрауы тиіс.

14

14. Сараптамалық топтардың құрамына сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшылар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бірлестіктердің, атқарушы органдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді, олар осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес кестелерде қойылған бағаларымен алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайды

15 15. Сараптамалық қорытындылардың және қойылған бағалардың қорытындылары бойынша сараптамалық топтар онлайн-дауыс беруді ұйымдастыру үшін осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген үш номинация бойынша 27 финалға қатысушыны анықтайды.

Финалға қатысушылар конкурстардың ресми сайтындағы онлайн-дауыс беруге қатысады.
Республикалық конкурсты ұйымдастырушы онлайн-дауыс беруді әрбір номинация бойынша жеке, конкурс өткізілетін жылдың 15 – 25 қазан аралығында күнтізбелік 10 күн ішінде өткізеді.
Аралық дауыс беру нәтижелері конкурсты ұйымдастырушының сайтында қолжетімді.

16

16.  Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық топтардың 27 финалға қатысушының жинақталған құжаттары мен онлайн-дауыс беру нәтижелерін қамтитын алдын ала сараптамалық қорытындыларын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияға жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгенге дейін бес күн бұрын жібереді.
_________________________

2-1 Тіркеу нөмірі__________

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау қағидаларына
1-қосымша
Тіркеу нөмірі__________
Конкурсты ұйымдастырушы –
Қазақстан Республикасының
Ұлттық кәсіпкерлер палатасына
Өтінім
1. Өтінім беруші
Конкурсқа қатысушының толық атауы ___________________________________
_____________________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Байланыс телефондары ________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі __________________________________________________
2. Басшысы
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс, e-mail ____________________________________
3. Конкурсқа ұсынылған тауардың атауы _______________________________
Басшының қолы
20__ жылғы «__» ____________
МО
* Электрондық нысанда тапсырылған кезде өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) расталады.
** Өтінімге осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген қағаз және/немесе электрондық пішімдегі (сканерленген) конкурстық құжаттар қоса беріледі
_________________________

2-2 Тіркеу нөмірі ______________

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау қағидаларына
2-қосымша
Тіркеу нөмірі ______________
Сауалнама-декларация
1. Конкурсант
Қатысушының толық атауы
(тіркеуге сәйкес) ________________________________
Заңды мекенжайы ________________________________
Пошталық мекенжайы
(егер заңдыдан айырмашылығы болса) ________________________________
Меншік нысаны ________________________________
Негізгі қызмет түрі ________________________________
Сала ________________________________
Өңір ________________________________
Жұмыс істеу кезеңі ________________________________
2. Басшы
Компания басшысының Т.А.Ә. ________________________________
Компания басшысының лауазымы ________________________________
Басшының байланыс телефондары
(қызметтік және ұялы) ________________________________
Басшының электрондық мекенжайы ________________________________
3. Конкурсқа қатысушы туралы мәліметтер
Жұмыскерлердің жалпы саны ________________________________
Филиалдар саны (бар болса) ________________________________
Компания телефоны ________________________________
Компанияның интернет-сайты ________________________________
Компанияның логотипі ________________________________
Компанияның өткен жылдардағы
«Алтын сапа» және «Қазақстанның
үздік тауары» конкурстарына қатысуы
(егер қатысқан болса, онда
қай жылы екенін көрсету) ________________________________
Көрсетілген конкурстар бойынша
наградалардың болуы (егер болса,
қай жылы, қандай конкурс және
қандай номинация бойынша) ________________________________
4. Конкурсқа ұсынылатын тауар туралы ақпарат ________________________________
Конкурсқа ұсынылатын тауардың атауы ________________________________
СЭҚ ТН коды ________________________________
5. Уәкілетті және конкурсқа жауапты адам ________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________
Лауазымы ________________________________
Телефоны (оның ішінде ұялы) ________________________________
e-mail: _______________________ факс____________________________
6. Декларация
Кәсіпорын атынан біз конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген қағидаларды орындауға келісетінімізді мәлімдеймін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның шешімін түпкілікті деп қабылдайтын боламыз. Жергілікті жерде алдын ала бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және шынайы өткізуге көмек көрсетеміз. Біз кәсіпорынның осындай сараптамаға байланысты шығыстарды көтеретінін түсінеміз.
Басшының қолы
20 ___ жылғы « » _________
_________________________

2-3 «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» номинациясы

«Қазақстанның үздiк тауары»
өңiрлiк және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнiмдi
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау қағидаларына
3-қосымша
«Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» номинациясы
Өңір________________________________________________________________
Ұйым _______________________________________________________________
Өнім _______________________________________________________________
Өнімнің қорытынды балы _____________________________________________
Р/с

Өл­шем­шар­ттар, та­лап­тар, көр­сет­кi­ш­тер
Са­рап­та­ма­лық бал­дар
Ор­та­ша балл
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
1
2
3
4
1
Отан­дық ана­логпен са­лы­стыр­ған­да тұ­ты­ну ерекше­лі­гі­нің дең­гейі (1-10 балл)
2
Өн­дiрiлетiн өнiм кө­ле­мiн­де­гi экс­порт­қа шы­ға­ры­ла­тын өнiм үлесi (0 балл; 2 % үшiн 1 балл)
3
Соң­ғы екі жыл­да кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған өнiм өн­дiрі­сі кө­ле­мiнiң өзге­ру үр­ді­сі
(0 балл; 2 % үшiн 1 балл).
Іс жү­зін­де қол жет­кі­зі­л­ген көр­сет­кіш­тер­дің өзге­ру үр­ді­сте­рін жос­пар­лан­ған көр­сет­кіш­тер­мен са­лы­стыр­ған­да ба­ға­лау қа­жет.
4
Тұ­ты­ну­шы­лар, мем­ле­кет­тiк ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар, са­тып ала­тын ұй­ым­дар­дың та­ра­пы­нан са­рап­та­ма­лық-рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың бо­луы/бол­мауы (0 балл та­лап­тар жой­ыл­май болға­ны үшін, бол­ма­ға­ны үшін 10 балл)
5
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың, са­тып ала­тын ұй­ым­дар­дың пiкiр­лерi (рес­пуб­ли­ка­ның әр түр­лi өңiр­лерi­нен және одан тыс жер­лер­ден ре­сми ресiм­дел­ген ке­мiн­де 10 пі­кір) (0-10 балл: әр­бір пі­кір үшін 1 балл)
6
Өнім­де­гі жер­гі­лік­ті қам­ту үле­сі (0 бал­дан ба­стап: әр­бiр 10 % үшiн 1 балл)
7
Са­па көр­сет­кіш­те­рі­нің тұ­рақ­ты­лық дең­гейі (сер­ти­фи­кат­тал­ған ме­недж­мент жүй­е­ле­рі­нің бо­луы) (0 бал­дан ба­стап: әр сер­ти­фи­кат/де­кла­ра­ция үшін 5 балл)
8
Өнім­нің қа­уіп­сіз­ді­гін рас­тай­тын көр­сет­кіш­тер тұ­рақ­ты­лы­ғы­ның дең­гейі (сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты, сәй­кест­ік де­кла­ра­ци­я­сы) (0 балл; әр сер­ти­фи­кат/ де­кла­ра­ция үшін 5 балл)
9
Өнім­нің бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­гін арт­ты­ру мақ­са­тын­да ком­па­ни­я­ның мар­ке­тинг­тік са­я­са­ты­ның ти­ім­ді­лі­гі (0-10 балл)
10
Өнім­ді өн­ді­ру ке­зін­де қол­да­ны­ла­тын ин­но­ва­ци­я­лар («ноу-хау», өнер­та­быст­ың, па­тент­тер­дің бо­луы, кон­струк­ци­я­лар­дың жа­ңа­лы­ғы) (0 бал­дан ба­стап: ин­но­ва­ци­я­ны рас­тай­тын әр­бір 1 құ­жат үшін 10 балл)
Өнім­нің қо­ры­тын­ды ба­лы (S (со­ма­сы) орт. балл)
Комиссия төрағасы (Т.А.Ә.) _____________________________________
Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ә.) ______________________________
Сараптамалық топ мүшелері ______________________________________
_________________________

2-4 «Халық тұтынатын үздiк тауарлар» номинациясы

«Қазақстанның үздiк тауары»
өңiрлiк және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнiмдi
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау қағидаларына
4-қосымша
«Халық тұтынатын үздiк тауарлар» номинациясы
Өңір _______________________________________________________________
Ұйым _______________________________________________________________
Өнім _______________________________________________________________
Өнімнің қорытынды балы _____________________________________________
Р/с

Өл­шем­шар­ттар, та­лап­тар, көр­сет­кi­ш­тер
Са­рап­та­ма­лық бал­дар
Ор­та­ша балл
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
1
2
3
4
1
Отан­дық ана­логпен са­лы­стыр­ған­да тұ­ты­ну ерекше­лі­гі­нің дең­гейі (1-10 балл)
2
Өн­дiрiлетiн өнiм кө­ле­мiн­де­гi экс­порт­қа шы­ға­ры­ла­тын өнiм үлесi (0 балл; 2 % үшiн 1 балл)
3
Соң­ғы екі жыл­да кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған өнiм­дi өн­дi­ру кө­ле­мiнiң өзге­ру үр­ді­сі (0 балл; 2 % үшiн 1 балл).
Іс жү­зін­де қол жет­кі­зі­л­ген көр­сет­кіш­тер­дің өзге­ру үр­ді­сте­рін жос­пар­лан­ған көр­сет­кіш­тер­мен са­лы­стыр­ған­да ба­ға­лау қа­жет.
4
Әле­умет­тік ма­ңы­зды­лық дең­гейі (ана­логпен са­лы­стыр­ған­да ба­ға­сы және тұ­ты­ну­шы­лар­дың түр­лі са­на­ты үшін Қа­зақ­стан на­ры­ғын­да­ғы қол­же­тім­ді­лі­гі)
(1-10 балл)
5
Тұ­ты­ну­шы­лар, мем­ле­кет­тiк ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар, са­тып ала­тын ұй­ым­дар­дың та­ра­пы­нан са­рап­та­ма­лық-рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың бо­луы/бол­мауы (та­лап­тар жой­ыл­май болға­ны үшін 0 балл, бол­ма­ға­ны үшін 10 балл)
6
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың, са­тып ала­тын ұй­ым­дар­дың пiкiр­лерi (рес­пуб­ли­ка­ның әр­түр­лi өңiр­лерi­нен және одан тыс жер­лер­ден ре­сми ресiм­дел­ген ке­мiн­де 10 пі­кір) (0-10 балл: әр­бір пі­кір үшін 1 балл)
7
Өнім­де­гі жер­гі­лік­ті қам­ту үле­сі (0 бал­дан ба­стап: әр­бір 10 % үшiн 1 балл)
8
Са­па көр­сет­кіш­те­рі­нің тұ­рақ­ты­лық дең­гейі (сер­ти­фи­кат­тал­ған ме­недж­мент жүй­е­ле­рі­нің бо­луы) (0 балл; әр сер­ти­фи­кат/ де­кла­ра­ция үшін 5 балл)
9
Өнім­нің қа­уіп­сіз­ді­гін рас­тай­тын көр­сет­кіш­тер тұ­рақ­ты­лы­ғы­ның дең­гейі (сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты, сәй­кест­ік де­кла­ра­ци­я­сы) (0 балл; әр сер­ти­фи­кат/ де­кла­ра­ция үшін 5 балл)
10
Өнім­ді өн­ді­ру ке­зін­де қол­да­ны­ла­тын ин­но­ва­ци­я­лар («ноу-хау» бо­луы, өнер­та­быст­ар, кон­струк­ци­я­лар­дың жа­ңа­лы­ғы) (0 бал­дан ба­стап, ин­но­ва­ци­я­ны рас­тай­тын әр­бір 1 құ­жат үшін 10 балл)
Өнім­нің қо­ры­тын­ды ба­лы (S (со­ма­сы) орт. балл)
Комиссия төрағасы (Т.А.Ә.) _______________________________________
Сараптамалық топтың хатшысы (Т.А.Ә.) _____________________________
Сараптамалық топтың мүшелері _____________________________________
_________________________

2-5 «Үздiк азық-түлік тауарлары» номинациясы

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау қағидаларына
5-қосымша
«Үздiк азық-түлік тауарлары» номинациясы
Өңір _______________________________________________________________
Ұйым _______________________________________________________________
Өнім _______________________________________________________________
Өнімнің қорытынды балы _____________________________________________
Р/с

Өл­шем­шар­ттар, та­лап­тар, көр­сет­кi­ш­тер
Са­рап­та­ма­лық бал­дар
Ор­та­ша балл
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
Са­рап­шы­ның
Т.А.Ә.
1
2
3
4
1
Отан­дық ана­логпен са­лы­стыр­ған­да тұ­ты­ну ерекше­лі­гі­нің дең­гейі (1-10 балл)
2
Өн­дiрiлетiн өнiм кө­ле­мiн­де­гi экс­порт­қа шы­ға­ры­ла­тын өнiм үлесi
(0 балл; 1 балл 2 % үшiн)
3
Соң­ғы екі жыл­да кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған өнiм­дi өн­дi­ру кө­ле­мiнiң өзге­ру үр­ді­сі (0 балл; 2 % үшiн 1 балл).
Іс жү­зін­де қол жет­кі­зі­л­ген көр­сет­кіш­тер­дің өзге­ру үр­ді­сте­рін жос­пар­лан­ған көр­сет­кіш­тер­мен са­лы­стыр­ған­да ба­ға­лау қа­жет.
4
Тұ­ты­ну­шы­лар, мем­ле­кет­тiк ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар, са­тып ала­тын ұй­ым­дар­дың та­ра­пы­нан са­рап­та­ма­лық-рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың бо­луы/бол­мауы (та­лап­тар жой­ыл­май болға­ны үшін 0 балл, бол­ма­ға­ны үшін 10 балл)
5
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың, са­тып ала­тын ұй­ым­дар­дың пiкiр­лерi (рес­пуб­ли­ка­ның әр­түр­лi өңiр­лерi­нен және одан тыс жер­лер­ден ре­сми ресiм­дел­ген ке­мiн­де 10 пі­кір)
(0-10 балл: әр­бір пі­кір үшін 1 балл)
6
Өнім­де­гі жер­гі­лік­ті қам­ту үле­сі
(0 бал­дан ба­стап: әр­бiр 10 % үшiн 1 балл)
7
Са­па көр­сет­кіш­те­рі­нің тұ­рақ­ты­лық дең­гейі (сер­ти­фи­кат­тал­ған ме­недж­мент жүй­е­ле­рі­нің бо­луы) (0 балл; әр сер­ти­фи­кат үшін 5 балл)
8
Өнім­нің қа­уіп­сіз­ді­гін рас­тай­тын көр­сет­кіш­тер тұ­рақ­ты­лы­ғы­ның дең­гейі (0 балл; әр сер­ти­фи­кат/де­кла­ра­ция үшін 5 балл)
9
Өнім­нің бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­гін арт­ты­ру мақ­са­тын­да ком­па­ни­я­ның мар­ке­тинг­тік са­я­са­ты­ның ти­ім­ді­лі­гі (0-10 балл)
10
Өнім­ді өн­ді­ру кез­де қол­да­ны­ла­тын ин­но­ва­ци­я­лар («ноу-ха­удың», өнер­та­быст­ың, па­тент­тер­дің бо­луы, кон­струк­ци­я­лар­дың жа­ңа­лы­ғы) (0 бал­дан ба­стап: ин­но­ва­ци­я­ны рас­тай­тын әр­бір 1 құ­жат үшін 10 балл)
Өнім­нің қо­ры­тын­ды ба­лы (S (со­ма­сы) орт. балл)
Комиссия төрағасы (Т.А.Ә.) ______________________________________
Сараптамалық топтың хатшысы (Т.А.Ә.) ____________________________
Сараптамалық топтың мүшелері ____________________________________
_________________________

2-6 Алдын ала сараптамалық қорытынды

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау қағидаларына
6-қосымша
Алдын ала сараптамалық қорытынды
Номинация ____________________________________________________________
Кәсіпорынның атауы____________________________________________________
Өңір _________________________________________________________________
Басшы (лауазымы) _____________________________________________________
Басшының Т.А.Ә. ______________________________________________________
Жұмыскерлер саны______ адам
Кәсіпорын _______ жылы құрылды.
Конкурсқа ұсынылған өнімнің атауы ____________________________________
______________________________________________________________________
Ұйым өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) нарықтағы үлесін қоса алғанда, жалпы қызмет нәтижелерінің сипаттамасы.
Өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттері, сипаттамалары, бәсекелестік артықшылықтары және ерекшеліктері. Сату нарығы, маркетингтік саясат, елдер мен жалпы үлесі көрсетілген экспорт көлемі, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін, сапасын жақсарту динамикасы туралы мәліметтер. Заттық және (немесе) ақшалай нысандағы өндіру және сату көлемі, соңғы 2 жылдағы өсу динамикасы, өнімнің қазақстандық қамту дәрежесі, сертификатталған менеджмент жүйелерінің болуы, кәсіпорынның саланы және қоғамды дамытуға қосқан үлесі, өнертабыстардың, патенттердің болуы, конструкциялар жаңалығы, кәсіпорынның (ұйымның) норма шығармашылығы процесіне, қайырымдылыққа қатысуы және т.б. (A4 пішімінде көлемі 1 парақтан аспауға тиіс.
Қорытынды:
Күшті жақтары _______________________________________________
______________________________________________________________
Әлсіз жақтары ________________________________________________
______________________________________________________________
_________________________

Қолданыстағы