О присвоении наименований безымянным улицам и переименовании некоторых улиц населенного пункта города Актобе Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және елді мекен кейбір көшелерін қайта атау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына , 31 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласының орталығындағы атаусыз көшесі Бөкенбай батыр; «Заречный - 2» поселкесінің атаусыз көшесі Қайдауыл батыр; «Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасы» ауданының аумағындағы атаусыз көшесі Сақтаған Бәйішев; Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының Ақжар ауылының атаусыз көшелері: «Береке» және «Бірлік» болып аталсын.
Тармақ 2
2. «Заречный - 1» поселкесінің көшелері: Энтузиастов көшесі - Жауынгер - интернационалистер көшесі; Новая көшесі - Федор Озмитель көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.