Об утверждении требований, предъявляемых к инвестиционным декларациям инвестиционных фондов Күшін жойған
Басқа 0
Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптарды бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 256 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына осы талаптарды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеу үшiн ұсыну жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Экономикалық талдау бөлiмi осы талаптарды, ол Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн жариялауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап күшiне енедi.
Тармақ 5
5. Осы талаптардың орындалысына бақылау жасау инвестициялауды басқару бөлiмiне жүктелсiн.
Басқа 6. Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
1997 жылғы 26 маусымдағы
N 90 қаулысымен
Бекiтiлген
Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптар
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Инвестициялық декларация инвестициялық қордың және оның басқарушысының инвестициялық қызметiнiң негiзiнде болатын негiзгi құжат болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Инвестициялық декларация инвестициялық қордың құрылтай жиналысында әзiрленедi және бекiтiледi.
Тармақ 1.3
1.3. Инвестициялық декларация инвестициялық қордың жарғысында көрсетiледi және оның ажыратылмайтын бөлiгi болып табылады.
Тармақ 1.4
1.4. Инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм инвестициялық қордың жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн айқындалған тәртiпте акционерлердiң жалпы жиналысында қабылданады.
Тармақ 1.5
1.5. Инвестициялық қордың басқарушысы инвестициялық декларация мазмұнын бұзып бағалы қағаздар портфелiн қалыптастыруға құқықты емес.
Тарау ii. II. Инвестициялық декларацияның мазмұны
II. Инвестициялық декларацияның мазмұны
Инвестициялық декларацияның мазмұнында мынадай ережелер болу керек:
Тармақ 2.1
2.1. Инвестицияның мақсаттары мен стратегиясы
Тармақша а
а) салымның табыстылығын қамтамасыз ету;
Тармақша б
б) салынған қаражаттардың өсуiн қамтамасыз ету.
Тармақ 2.2
2.2. Инвестициялық саясаттың бағыттары
Тармақша а
а) қордың бағалы қағаздар рыногындағы жобаланған қызметiнiң қысқаша сипаттамасы;
* инвестициялау жобаланған бағалы қағаздардың (акциялар, корпорациялық облигациялар, мемлекеттiк бағалы қағаздар және басқалар) түрлерi және типтерi көрсетiлу керек;
* бағалы қағаздардың айналысы болатын аумаққа және эмитенттердiң қатыстылығына байланысты тиiстi мемлекеттер немесе мемлекеттердiң тобы көрсетiлу керек;
* қордың қаржыларын инвестициялау жобаланған экономиканың салалары және салалық буындары көрсетiлу керек. Экономиканың әрбiр саласы мен салалық буыны үшiн мiндеттi түрде ҚР Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 22-27/46 шешiмiне сәйкес ҚР Мемстаткомының 1994 жылғы 2 наурыздағы қаулысымен бекiтiлген ХШСЖЖ-дiң нақты коды көрсетiледi;
* инвестициялау жобаланатын бағалы қағаздардың сипаттамасы басқа да ерекшелiктермен (белгiлi бiр қор биржасындағы листингке мiндетті түрде қатысу, бағалы қағаздардың айналыс мерзiмдерi және т.б.) толықтыруы мүмкiн;
Тармақша б
б) бағалы қағаздар портфелiн әртараптандырудың (инвестициялық қордың портфелiндегi әртүрлi бағалы қағаздардың ең төменгi және ең жоғарғы үлестерi) нормаларын айқындау.
Тармақ 2.3
2.3. Инвестициялық қызметтегi шектеулер
Инвестициялық декларацияның мазмұнында инвестициялық қызметтегi "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған шектеулер болу керек.
Инвестициялық декларацияға жоғарыда аталған шектеулерден басқа инвестицияның қосымша шектеулерi енгiзiлуi мүмкiн.