Жұлдыз ауыл округіне қарасты Қаратөбе ауылындағы Ленгір тас жолын қайта атау туралы Қолданыста
Басқа 0
Жұлдыз ауыл округіне қарасты Қаратөбе ауылындағы Ленгір тас жолын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жұлдыз ауыл округіне қарасты Қаратөбе ауылындағы Ленгір тас жолы тұрғындарының пікірлерін ескере келе, Жұлдыз ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жұлдыз ауыл округіне қарасты Қаратөбе ауылындағы Ленгір тас жолына Қапал батыр есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Жұлдыз ауыл округі әкімі аппаратының инфрақұрылым маманы көшеге қайта атау беру бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау, шаруашылық кітабына өзгеріс енгізу бас маман Д.Мирзадиноваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.