ПОЛОЖЕНИЕ о психоневрологическом интернате Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Психикалық-жүйке ауруларының интернаты туралы ЕРЕЖЕ Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен.
Тармақ i. I. Жалпы ережесi
I. Жалпы ережесi
Тармақ 1
1. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты созылмалы психикалық аурулармен азап шегетiн, күтудi, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетудi қажет ететiн мүгедектердiң тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме болып табылады.
Тармақ 2
2. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Астана, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылады, қайта құрылады және таратылады.
Тармақ 3
3. Интернат үйiнiң атына Астана, облыстар және Алматы қаласының әкiмдерi бередi.
Тармақ 4
4. Психикалық-жүйке ауруларының интернат үйi өз қызметiн, бағыныштылығы бойынша, жоғары тұрған органның басқаруымен жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Астаналық, облыстық және Алматы қаласының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы психикалық-жүйке аурулары интернатының қызметiн үйлестiрудi, бақылауды, практикалық көмек көрсетудi жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Астаналық, облыстық және Алматы қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары психикалық-жүйке ауруларының интернатына орналастыруды және осы мекемеге жiберудi, оның iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмдерi арқылы үйде көмек көрсету үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеудi мұқтаж ететiн азаматтарды табуды ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты жергiлiктi бюджет есебiнен қамтамасыз етiледi, жылдық шығыс сметасы бар, заңды тұлға болып табылады, өзiнiң қазақ және орыс тiлдерiндегi атымен мөрi және мөртабаны, сол сияқты белгiленген тәртiпте бекiтiлген штаттық кестесi бар. Интернат үйiнiң бюджеттiк қаражатынан басқа интернат үйiнiң "Ақылы қызмет көрсетулерден түсетiн қаражат" деген ағымдағы шотына аударылатын және мақсаты орнымен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, тамаққа, медициналық көмек көрсетуге, әлеуметтiк-тұрмыстық және еңбекпен оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға, мәдени-бұқаралық жұмыстар жүргiзуге, еңбекпен емдеу шеберханаларын, қосалқы шаруашылықты дамытуға, еңбек процестерiне белсендi қатысушы қамқорлықтағыларды мадақтауға, қосалқы шаруашылық, еңбекпен емдеу шеберханаларының қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалатын, жарғылық мақсаттарға сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен қосалқы шаруашылық, еңбекпен емдеу шеберханаларының қызметiнен, ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражаттары да болуы мүмкiн. Мемлекет қамқорындағы негiзгi контингентке зиян келтiрмей, тұрмыстық және медициналық қызметке мұқтаж мүгедектердiң интернат үйiне орналасуына кезегi жоқ болса, олардың уақытша және тұрақты тұруына болатын психикалық-жүйке аурулары интернатының жанында ақылы бөлiмдердi ұйымдастыруға рұқсат етiледi. 📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен.
Тармақ 8
8. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы талаптар мен техника қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн, арнап салынған немесе қажеттi үйлерi бар бейiмделген ғимараттарға орналастырылады.
Тармақ 9
9. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты еркектер мен әйелдерге (еркектер мен әйелдер үшiн жеке-жеке интернаттар ұйымдастырудың мүмкiндiгi жоқ болған жағдайда әйелдер мен еркектердi бiр интернатта, бiрақ жеке корпустарда, ұстауға рұқсат берiледi) сол сияқты жасын есептей отырып (18-40 жас және 40 жастан жоғары) жеке ұйымдастырылады. Күтiм мен медициналық қызметтi ұйымдастыруды, әлеуметтiк-еңбек реабилитациясы жөнiндегi шараларды жүзеге асыруды жақсарту мақсатында интернатта тұратын адамдар күту тәртiбiне (төсектегi, бақылау, еркiн) денсаулық жағдайына, жасына сәйкес бөлiмдер мен бөлмелерге орналастырылады.
Тармақ 10
10. Еңбекпен емдеу терапиясын жүргiзу үшiн интернатта емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бекiтiлген өз қызметтерiн белгiленген Ережеге сәйкес жүзеге асыратын қосалқы ауыл шаруашылығы құрылады.
Тармақ 11
11. Интернатта тұратын адамдарға медициналық қызметтiң сапасын бақылауды, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдердi сақтауды және арнаулы медициналық көмек көрсетудi белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты өз қызметтерiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы мен нормативтi құқықты актiлерiн, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, астаналық, облыстық және Алматы қаласының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының бұйрықтарын, алқалар қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ ii. II. Интернаттың мiндеттерi мен қызметтерi
II. Интернаттың мiндеттерi мен қызметтерi
Тармақ 13
13. Интернаттың негiзгi мiндеттерi: - мүгедектердi материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, олар үшiн үйдiң өмiрiне жақын, қолайлы жағдайларды құру; - тұратындарды күтудi ұйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәдени-көпшiлiк жұмыстарын жүргiзу; - мүгедектердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және еңбек реабилитациясына бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Негiзгi мiндеттерiне сәйкес интернат: - медициналық ұсыныстарға байланысты олардың әлеуметтiк-еңбекке бейiмделуi жөнiндегi емдеу шараларының кешендерiн; - бекiтiлген нормаларға сәйкес, мүгедектерге жиhазбен және дүние-мүлiкпен, төсек-орынмен жабдықталған үй маусымға байланысты киiм және аяқ киiм берудi, тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыруды; - тиiмдi тамақтандыруды ұйымдастыруды; - ұстау режимiне сәйкес психикалық ауруларды күтудi (бақылауды); - санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргiзудi; - мұқтаж ауруларды есту аппараттарымен, көзiлдiрiктермен, протездi-ортопедиялық бұйымдармен және басқа да емдеу құралдарымен (кресло-арбалар, балдақтар, таяқтар және т.б.) қамтамасыз етудi; - тұрғындарды емдеу мекемесiне орналастыруды және қолдау емiн, мамандардың кеңестiк көмегiн көрсетудi, мұқтаж ауруларды емдеу-профилактикалық мекемелерге орналастыруды; - жергiлiктi атқарушы органдарды қатыстыра отырып, мүгедектермен мәдени-көпшiлiк жұмыстарын ұйымдастыруды; - психикалық ауруларға қызмет көрсетудiң сапасын, күту және ұстау, қызмет көрсету әдiстерi мен алдыңғы қатарлы жұмыс түрлерiнiң тәжiрибесiн енгiзудi; - персоналдың еңбегiн және олардың бiлiктiлiгiн көтерудi, шағын механизация құралдарын енгiзудi ұйымдастырып жетiлдiрудi жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Психикалық-жүйке аурулары интернатының финанстық-шаруашылық қызметi бекiтiлген шығыс сметасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы мақсатта психикалық-жүйке аурулары интернатының әкiмшiлiгi: - интернатты материалдармен, жабдықтармен, құрал-саймандармен, жылумен, тамақпен, маусымға байланысты киiмдермен, аяқ киiмдермен, iш киiмдермен және т.б. қамтамасыз етудi; - интернатты ұстауға бөлiнген мемлекеттiк қаржыларды тиiмдi және ұтымды жұмсауды және тауарлық-материалдық құндылықты сақтауды; - еңбектi қорғау нормалары мен тәртiбiн, техникалық қауiпсiздiктi, өртке қарсы қауiпсiздiктi сақтауды; - коммуникацияларды, үйлердi қайта жаңғыртуды, сондай-ақ осы заманғы күрделi және ағымдағы жөндеудi; - негiзгi қорларды тиiмдi пайдалану және барлық қосалқы қызметтердiң тоқтаусыз жұмыс iстеуiн; - аумақты көрiктендiрудi және көгалдандыруды; - Нұсқамаға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi саласындағы ұйымдар мен мекемелердiң жарамсыз болып қалған мүлiктерiн төсек-орындарын, киiмдерiн және аяқ киiмдерiн есептен шығаруды; - бухгалтерлiк және статистикалық есептi жүргiзудi, бекiтiлген форма бойынша есеп-қисап жасауды және оны белгiленген мерзiмде тиiстi органдарға ұсынуды ұйымдастырады.
Тармақ 16
16. Интернаттың әкiмшiлiгi заңда белгiленген тәртiппен психикалық-жүйке аурулары интернатында тұратын және қамқорлықты қажет ететiн адамдар турасында қамқоршы мiндетiн атқарады. Астаналық, облыстық және Алматы қаласының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларында интернат үйлерiндегi қамқоршылық қызметтердi қамтамасыз етудi, күтудiң сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн қоғамдық, кәсiподақтар мен дiни ұйымдардан қамқоршылық Кеңестерi (5 адамнан кем емес) құрылады.
Тармақ iii. III. Интернатқа қабылдау, ұстау және шығару шарттары
III. Интернатқа қабылдау, ұстау және шығару шарттары
Тармақ 17
17. Психикалық-жүйке ауруларының интернатына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсiлген және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бекiткен "Интернат үйлерiне қабылдаудағы медициналық көрсеткiштер мен қайшы көрсеткiштер туралы" Нұсқамаға сәйкес денсаулығы бойынша тұрмыстық қызмет көрсету мен медициналық көмекке мұқтаж, туыстарының барлығына қарамастан, заң бойынша оларды ұстауға мiндеттi, психикалық созылмалы аурулармен азап шегетiн адамдар қабылданады.
Тармақ 18
18. Психикалық-жүйке ауруларының интернатына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, облыстық және Астана, Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының жолдамалары бойынша 18 жастан асқан I-II топтағы мүгедектер қабылданады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және соларға жеңiлдiктер бойынша теңестiрiлген адамдар, психикалық-жүйке ауруларының интернатына бiрiншi кезектегi тәртiппен қабылданады. 📌 Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен.
Тармақ 19
19. Психикалық-жүйке ауруларының интернатына қабылдау: - психикалық-жүйке ауруларының интернатына қабылдау туралы аурулардың ата-аналарының, қамқоршыларының арызы немесе емдеу мекемесiнiң өтiнiшi (N 1 қосымша); - емдеу-алдын алу мекемесiнiң дайындаған медициналық картасы (психикалық-денсаулық орталығы, психиатриалық аурухана), аурудың тарихынан көшiрме және ДКК-ның қорытындысы, медициналық картасы (N 2 қосымша); - қай топтағы мүгедектiгi туралы МӘСК-тiң анықтамасы негiзiнде жүзеге асырылады. Интернатқа, белгiленген тәртiпте, жұмысқа қабiлетсiз деп танылған адам, емдеу-алдын алу мекемесiнiң өтiнiшi бойынша қабылданады.
Тармақ 20
20. Психикалық-жүйке аурулары интернатына қабылданушының әр қайсысына: - iшiнде жолдамасы, зейнетақы куәлiгi, арызы (N 1 қосымша), МӘСК-тiң анықтамасы, төлқұжаты сақталатын жеке iс қағазы; - аурудың тарихына қосып тiркейтiн ДКК-ның анықтамасы, ауру тарихының көшiрмесi, маман-дәрiгерлердiң қорытындысы бар медициналық картасы (N 1 қосымша) арналады. Психикалық-жүйке аурулары интернатындағы аурулардың жеке-iс құжаттары кеңседе немесе кадрлар бөлiмiнде жанбайтын арнаулы шкафта сақталады. Аурудың тарихы, барлық қосымша медициналық құжаттармен, дәрiгердiң бөлмесiнде сақталады.
Тармақ 21
21. Психикалық-жүйке аурулары интернатында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге зейнетақы, жәрдемақы қолданыстағы заңға сәйкес төленедi. Қамтамасыз етiлушiлер денсаулық жағдайына байланысты өздерiне тиесiлi зейнетақыны немесе жәрдемақыны ала алмайтын немесе қамқоршысы болмаған жағдайда интернат үйiнiң әкiмшiлiгi бұл туралы тиiстi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органына хабарлайды және солармен бiрлесiп интернатта тұратын адамды iс-әрекетке қабiлетсiз деп тану және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мүлкiне қамқоршы тағайындау туралы шаралар қолданады. 📌 Ескерту. 21-тармаққа өзгертілді, толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен.
Тармақ 22
22. Психикалық-жүйке аурулары интернатында тұратындарға Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген азаматтар құқығының бәрi кепiлденедi.
Тармақ 23
23. Жинақ банкiсiне салынбаған мүгедектердiң құнды қағаздары, қымбат заттары, теңгелерi, белгiленген заң тәртiбi бойынша, мұрагерлiкке құқылы екендiгi туралы анықтамасы бар адам талап еткенше, әкiмшiлiк белгiлеген тәртiппен қабылданады.
Тармақ 24
24. МӘСК-тың ұсынысына, интернат үйi дәрiгерiнiң қорытындысына сәйкес, психикалық-жүйке аурулары интернатында тұрушылар еңбекпен емдеу шеберханалары мен қосалқы шаруашылықтардың жұмыстарына қатысады. Шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарда жұмыс істегенi үшiн мүгедектерге еңбек заңдарына сәйкес жалақы төленедi. 📌 Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен.
Тармақ 25
25. Психикалық-жүйке аурулары интернатынан жалпы типтегi интернат үйiне ауыстыру, тек психикалық-денсаулық орталығының дәрiгерлер-кеңесi комиссиясының (ДКК) немесе психиатриалық аурухананың қорытындысы, сондай-ақ жоғары тұрған органның өкiмi (жолдамасы) арқылы болады.
Тармақ 26
26. Психикалық-жүйке аурулары интернатынан мүгедектiң жеке себептермен кетуiне интернат дәрiгерiнiң кетуге мүмкiндiгi бар деген қорытындысы болғанда және оны қабылдайтын туысқандарының немесе олардың орнындағылардың мүгедектi ұстауға және қажеттi күтiммен қамтамасыз етуге келiсетiн жазбаша мiндеттемесi болғанда ғана, интернат тағайындаған зейнетақының 100% төленiп, әкiмшiлiк жазбаша түрде үш айдан аспайтын мерзiмге рұқсат бередi.
Тармақ 27
27. Психикалық-жүйке аурулары интернатынан шығуға жоғары тұрған (бағыныштылығы бойынша) орган: тұратын жерi, күн көрiс қаражаты, өзiне-өзi қызмет ете алатын мүмкiндiгi болса, сондай-ақ МӘСК-тiң қайта куәландыруымен үшiншi топтағы мүгедектiгi берiлген жағдайда ғана рұқсат бередi.
Тармақ 28
28. Мүгедекке психикалық-жүйке аурулары интернатынан кетерде оған бекiтiлген маусымға сәйкес, киiмi, iш киiмi және аяқ киiмi, интернатта болған уақыты мен кету себептерi көрсетiлген анықтамасы, сондай-ақ мекемеде сақталған оның жеке заттары берiледi.
Тармақ 29
29. Психикалық-жүйке аурулары интернатынан өз бетiмен кеткен мүгедектi iздеу туралы арызды жергiлiктi iшкi iстер басқармасына интернаттың директоры бередi. Өз бетiмен кеткен мүгедек үш айдан кейiн мемлекеттiк қамтамасыз етiлуден шығарылады және қайта орналастырылуы жалпы негiзде болуы мүмкiн.
Тармақ 30
30. Мүгедектiң туыстарына немесе жақындарына баруына байланысты шығындарды интернат төлемейдi.
Тармақ iv. IV. Психикалық-жүйке аурулары интернатын басқару
IV. Психикалық-жүйке аурулары интернатын басқару
Тармақ 31
31. Психикалық-жүйке аурулары интернатын директор басқарады, оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң келiсiмi бойынша астаналық, облыстық және Алматы қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы тағайындайды және босатады.
Тармақ 32
32. Директор интернат үйiнiң барлық жұмысын ұйымдастырады және оның санитарлық-гигиенасына, техникасының жай-күйiне, мүгедектердi ұстау және дәрiгерлiк-әлеуметтiк қызмет көрсету сапасына жауап бередi.
Тармақ 33
33. Интернаттың директоры интернатты барлық мекемелер мен ұйымдарға таныстырады, белгiленген заң тәртiбiмен интернат үйiнiң қаржылары мен мүлiктерiн басқарады, шарт жасасады, сенiмхат бередi, соның iшiнде қайта сенiм бiлдiру құқығымен, банкте интернат шотын ашады.
Тармақ 34
34. Еңбек заңына сәйкес директор интернат бойынша бұйрықтар шығарады, жұмыскерлердi жұмысқа қабылдайды және босатады, интернат жұмыскерлерiн көтермелейдi және тәртiптiк жаза шараларын қолданады. Интернат басшыларына (директорға, оның орынбасарына, бас бухгалтерiне) сыйлық ақыны жоғары тұрған халықты әлеуметтiк қорғау органдары бередi.
Тармақ 35
35. Интернаттың директоры жұмысына өте жақсы көрсеткiштерге жеткен, тұрғындарға жоғары мәдениеттi қызмет көрсеткен жұмыскерлерге, белгiленген тәртiпте, сыйлық ақы бередi.
Тармақ 36
36. Интернат әкiмшiлiгi белгiленген тәртiпте: - Үлгi ережесiне сәйкес мүгедектер үшiн iшкi тәртiп Ережесiн белгiлейдi; - қажеттi жиhазбен және керек-жарақтарымен мүгедекке орын (бөлмедегi орын) бөледi; - интернаттың мәдени-тұрмыстық комиссиясының, қоғамдық ұйымдардың, демеушiлердiң қатысуымен интернатта тұратындарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастырады. Психикалық-жүйке аурулары интернатының жұмысын және қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеру белгiленген тәртiппен, бiрақ бiр жылда бiр ретте кем емес уақытта жүргiзiледi. N 1 қосымша Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiмен рәсiмделедi ___________________________________________________________________ халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi ___________________________________________________________________ аурудың қамқоршысынан, туысқанынан, медициналық мекеменiң ___________________________________________________________________ әкiмшiлiгiнен Төлқұжат           Сериясы ____________ N _________________________ ____________________________________________________________берiлдi Туған жерi __________________________Күнi, айы, жылы ______________ Бiлiмi ____________________________________________________________ Мамандығы _________________________________________________________ Зейнетақы түрi және мөлшерi _______________________________________ Қай топтағы мүгедектiгi ___________________________________________ Қайта куәландыру мерзiмi __________________________________________ Тұрғын үй жағдайы _________________________________________________ Пәтерi, үйi _______________________________________________________ Ет жақын туыстары бар ма __________________________________________ Олардың мекен-жайы, жасы, жалақысы_________________________________ Отбасының жағдайы _________________________________________________ А Р Ы З Денсаулығына байланысты психикалық-жүйке аурулары интернатына ___________________________________________________________________ фамилиясы, аты, әкесiнiң аты қабылдауыңызды сұраймын, себебi ол күнделiктi күтiмге, медициналық және тұрмыстық қызмет көрсетуге мұқтаж. Қабылдау, ұстау және интернат үйiнен шығару шарттарымен таныстым. Күнi ____________                   Қолы _____________________ Төлқұжаты мен зейнетақы куәлiгiнiң мәлiметтерi тексерiлдi. _______бет құжаттармен арызы қабылданды және 199__ж. "__"__________ N ________ тiркелдi Маман ___________________________________ Ф.А.Ә., қызметi ____________________ Қолы 2-қосымша (емдеу-алдын-алу мекемесi - психикалық аурухананың психикалық-денсаулық орталығы ресiмдейдi) психикалық-жүйке аурулары интернат үйiне орналасушы қартайған адамның (мүгедектiң) МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТАСЫ Картаны берген емдеу-алдын-алу мекемесiнiң аты: ___________________ ___________________________________________________________________ ауданы ____________________________қаласы__________________________ Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты ______________________________________ ___________________________________________________________________ Туған жылы, айы, күнi _____________________________________________ Денсаулығы ________________________________________________________ өз бетiмен жүре алады, төсекте жату режимi Негiзгi және iлеспе диагнозды көрсеткен маман-дәрiгердiң қорытындысы, ауырған аурулары туралы мәлiметтер, тұрақты емдеуге көрсетулердiң бар немесе жоқтығы: Терапевт___________________________________________________________ Фтизиатр___________________________________________________________ Хирург ____________________________________________________________ Көз дәрiгерi ______________________________________________________ Тiс дәрiгерi ______________________________________________________ Невропатолог ______________________________________________________ Нарколог __________________________________________________________ Онколог ___________________________________________________________ Психиатр __________________________________________________________ Психикалық-жүйке ауруларының диспансерi ДКК-ның, ал ол жоқ болса - интернат үйiнiң типi ұсынылған аудандық, облыстық ауруханаларының қорытындысы қартайған адамның, мүгедектiң және оның туысқандарының қолына берiлмейдi, почтамен жiберiледi. Жұмысқа қабiлетсiздiгi ____________________________________________ қабiлеттi, қабiлетсiз Ұстау режимi ______________________________________________________ жалпы, қатаң қанның және қанның, зәрдiң жалпы анализiнiң қорытындысы________________________________ Iшек тобының анализiнiң қорытындысы _______________________________ ___________________________________________________________________ (анализдiң нөмiрi мен уақыты) Интернат үйiне жолдамаға ұсыныстар ________________________________ тип түрiн көрсету Қарсы көрсеткiштерге байланысты интернат-үйiне орналастыруға жатпайды___________________________________________________________ түрлерiн көрсету М.О.    199__ ж "__" ___________ Бас дәрiгер _________________