О введении количественных ограничений на ввоз отдельных видов товаров Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге сандық шектеулер енгізу туралы "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес ішкі нарықты қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әкелуге қатысты көлемдердегі сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тек одан әрі өңдеу мақсатында әкелінетін қантқа арналған квота осы қаулыға қосымшаға сәйкес қант өңдеушілер болып табылатын заңды тұлғалар арасында бөлінсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды тұлғалардың қантты осы қаулыға қосымшада көрсетілген көлемде әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін және тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күні Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрліктеріне қант әкелудің нақты көлемі туралы ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен Қантты мақсатты пайдалану және олардың ай сайынғы негізде қантты әкелу және пайдалану көлемі туралы, қант пайдаланылатын тауарларды өндірудің нақты көлемдері туралы ақпарат беруі туралы меморандум жасассын;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар әкелінген қантты мақсатсыз пайдаланған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бөлінген квотаның көлемін қайта қарау туралы ұсыныс енгізсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1186 қаулысымен бекітілген Әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі ҚР СЭҚ ТН ко­ды Та­у­ар­дың ата­уы Кө­ле­мі (тон­на­мен) Қол­да­ны­лу мер­зі­мі 1701 99 100 _____ақ қант 54 422,8 2010 жы­л­ғы 1 сәу­ір­ге дей­ін 1701 99 900 _____­бас­қа­ла­ры
Басқа 1. Қантқа арналған квотаны бөлу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1186 қаулысына қосымша Қантқа арналған квотаны бөлу Р/с N Заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы Кво­та кө­ле­мі, тон­на 1 2 3 1. "Ра­хат" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 14 320,0 2. "Ба­ян Сұ­лу" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 8 190,0 3. "Ка­ра­ған­ды кон­фет­те­рі" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 3 200,0 4. "Вол­на" Ақ­тау кон­ди­тер фаб­ри­ка­сы" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 589,0 5. "Ақ­тө­бе кон­ди­тер фаб­ри­ка­сы" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 1 454,0 6. "Ша­ны­бек" Орал кон­ди­тер фаб­ри­ка­сы" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 1 200,0 7. "Во­сток Кон­ди­тер" ком­би­на­ты" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 308,0 8. "Маг­нит­ка" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 375,0 9. "RG Brands Kazakhstan" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 6 876,0 10. "Ко­ка-ко­ла Ал­ма­ты ботт­лерс" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 5 036,2 11. "Даль­Про­дукт" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 3 000,0 12. "Ара­сан" фир­ма­сы" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 636,5 13. "Raimbek bottlers" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 2 920,0 14. "Ра­у­ан" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 1 350,0 15. "Қа­ра­ған­ды-нан кор­по­ра­ци­я­сы" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 436,0 16. "Голд Про­дукт" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 280,0 17. "Дәне­гүл" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 207,0 18. "Евра­зи­ан Фудс" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 216,4 19. "Евра­зи­ан Фудс Кор­по­рейшн" ак­ци­о­нер­лік Қо­ға­мы 171,9 20. "Би­дай НАН ЛТД және Со" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 68,0 21. "Аст­рон" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 574,2 22. "Фуд Ма­стер" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 595,0 23. "Эфес Қа­ра­ған­ды сы­ра қай­на­ту за­уы­ты" ШК АҚ 2 000,0 24. "Даста­рал" ЖШС 419,6 Жиы­ны: 54 422,3 Ескертпе: заңды тұлғалар үшін бөлінген квоталардың көрсетілген көлемі тек одан әрі өңдеу мақсатында көзделеді.