О присвоении наименований улицам аула Ултуган Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлтуған ауылының көшелеріне атаулар беру туралы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Ұлтуған ауылы тұрғындарының жиынындағы 2009 жылдың 30 маусымдағы хаттамасын есепке ала отырып, Никольск селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұлтуған ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге - Жұман Исабеков атауы; № 2 көшеге - Бейбітшілік атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Бұланды ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы С.Е. Аймағамбетова Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы Р.Қ. Әбділдина