О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О таможенном деле в Республике Казахстан" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат, 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; 1997 жылғы 12 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 149-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: "15) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген құзыреттi орган отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқан, мұнай операцияларын жүргiзудi көздейтiн келiсiм-шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына (одан әрi сатылмайтын болып) әкелiнетiн тауарлар, бұған кеден алымдары қосылмайды.".