О присвоении наименований улицам села Богенбай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөгенбай селосының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына және ауыл тұрғындарының жедел отырысының 2008 жылғы 11 мамырдағы хаттамасында қабылдаған ұсынысқа байланысты Бөгенбай селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бөгенбай селосының көшелеріне келесі атау берілсін (қоса берілген сұлбаға сәйкес): № 1 көшеге – «Бөгенбай көшесі» № 2 көшеге - «Ақан Сері көшесі» № 3 көшеге – «Абай көшесі» № 4 көшеге – «Бейбітшілік көшесі» № 5 көшеге – «Мектеп көшесі» № 6 көшеге – «Достық көшесі № 7 көшеге – «Сәкен Сейфулин көшесі»
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеліп, ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді және қолданысқа түседі. КЕЛІСІЛДІ: «Аққөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Б.Әкімова 2009 ж «25» 06 «Аққөл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы И.И.Карпова 2009 ж «25» 06