Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан по бесплатному проезду на автомобильном транспорте в городе Петропавловске Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ХIII Заңының 13-бабына сәйкес.
Тармақ 1
1. Петропавл қаласында тіркелген мына санаттағы азаматтарға және қала аумағы шегінде оларды шығарып салушыларға (бару және қайту), жедел (шұғыл жәрдем) медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, жолаушылар көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету (одан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін:
Тармақша 1
1) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;
Тармақша 2
2) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Тармақша 4
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға.
Тармақ 2
2. Аталған тұлғаларды жеткізетін әлеуметтік инфрақұрылым объектілері анықталсын:
Тармақша 1
1) емханалар мен ауруханалар;
Тармақша 2
2) түзету мектептері;
Тармақша 3
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;
Тармақша 4
4) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері;
Тармақша 5
5) медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдері;
Тармақша 6
6) Петропавл қаласының аумағында орналасқан медициналық-әлеуметтік мекемелер;
Тармақша 7
7) «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 8
8) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Ведомствоаралық әлеуметтік есеп айырысу орталығы» департаменті;
Тармақша 9
9) мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі;
Тармақша 10
10) «Петропавл қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті.
Тармақ 3
3. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уәкілетті органы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ерекше тәртіпті қолдана отырып, Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.