О внесении изменений в Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть) Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) өзгерістер енгізу туралы
Бап 1
1-бап. 1999 жылғы 17, 20-22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 17, 20, 22-24, 27 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) K990409_ мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 747-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады."; 2) 751-баптағы ", бірақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақы төленетін күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан кем болмауға тиіс" деген сөздер алып тасталсын; 3) 760-баптың 1-тармағында: бірінші бөліктегі ", бірақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақы төленетін күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан кем болмауға тиіс" деген сөздер алып тасталсын; екінші бөлік алып тасталсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.