О присвоении наименований улицам села Антоновка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Антоновка ауылының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңынын 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 25 маусымындағы Антоновка ауылының тұрғындарының жиналыстарының хаттамасын есепке ала отырып, Приречный селолық округ әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Антоновка ауылының көшелеріне атаулар беру: № 1 көшеге - Дінмұхаммед Ахмедұлы Қонаев атауы, № 2 көшеге - Бейбітшілік атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастапкүшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова «Целиноград ауданы сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағымбаев