Об утверждении Правил осуществления деятельности саморегулируемых организаций профессиональных участников рынка ценных бумаг в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн жүзеге асырудың қағидаларын бекiту туралы"
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 418 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы бағалы Қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн жүзеге асырудың қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына жоғарыда көрсетiлген Қағидаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсыну жүктелсiн.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Жоғарыда көрсетiлген Қағидалардың орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының рыногтi реттеу басқармасына жүктелсiн.
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Қағидалар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Басқа 0. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн жүзеге асырудың қағидалары
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
1997 жылғы 22 тамыздағы
N 131 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн жүзеге асырудың қағидалары
📌 ЕСКЕРТУ. Туынды нормативтiк құқықтық актiнiң аты жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарын (бұдан әрi "ӨРҰ" деп аталады) құрудың және қызметiн жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi.
ЕСКЕРТУ. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тарау 1. 1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. ӨРҰ - бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының олардың қызметтерiн үйлестiру, сондай-ақ олардың жалпы мүдделерiн қорғау мақсатында қауымдастық (одақ) нысанында құрылған және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ӨРҰ ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензиясын иеленген бiрлестiк.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тараудың атауы және 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 2
2. ӨРҰ және коммерциялық емес ұйым болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 3
3. ӨРҰ негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының тиiмдi қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бағалы қағаздар рыногындағы қызмет әдебiн сақтау;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздарды иеленушiлердiң және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерi мен стандарттарын жасау болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 4
4. ӨРҰ өз мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қызметтi жүзеге асыру ережелерiн, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу стандарттарын белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ алып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тарау 2. 2-тарау. ӨРҰ-на МҮШЕ БОЛУ
2-тарау. ӨРҰ-на МҮШЕ БОЛУ
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының заңдарына және ӨРҰ ережелерiне сәйкес бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердiң бiреуiн жүзеге асырушы кәсiпқой қатысушылар ӨРҰ-ның мүшелерi болып табылады.
Тармақ 7
7. ӨРҰ-ның мүшелiгiне қабылдау, шығу және шығарып тастау тәртiбiн ӨРҰ оның iшкi құжаттарының негiзiнде дербес түрде белгiлейдi.
Тармақ 7-1
7-1. ӨРҰ кәсiпқой қатысушыны мүшелiгiне қабылдаудан:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталса;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы ӨРҰ белгiлеген қызмет стандарттарына сәйкес келмесе бас тартуға құқылы.
ӨРҰ-ның мүшелiгiне қабылдаудан бас тартылғанда кәсiпқой қатысушыға ӨРҰ белгiлеген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
📌 ЕСКЕРТУ. 7-1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 7-2
7-2. ӨРҰ бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысын өзiнiң мүшелiгiнен:
Тармақша 1
1) мүше Қазақстан Республикасының заңдарын және ӨРҰ-ның ережелерiн бұзса;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы лицензиясының
қолданылуын тоқтатқан жағдайда шығарып тастауға құқылы.
📌 ЕСКЕРТУ. 7-2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 7.3
7.3.
Тармақ 7.4
7.4.
📌 ЕСКЕРТУ. 7.3, 7.4.-тармақтар алып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тарау 3. 3-тарау. ӨРҰ-ның ОРГАНДАРЫ
3-тарау. ӨРҰ-ның ОРГАНДАРЫ
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 8
8. ӨРҰ-ның органдарының тiзбесi оның жарғысымен айқындалады. ӨРҰ мүшелерiнiң оның органдарын сайлау (қалыптастыру) және ӨРҰ-ның қызметiн басқаруға қатысу кезiнде тек құқықтары болады.
📌 ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 9
9. ӨРҰ органдарының құзырлықтары, функциялары, өкiлеттiктерi және жауапкершiліктері, сондай-ақ оларды сайлаудың (Қалыптастырудың) және қызметiнiң тәртiбi ӨРҰ-ның жарғысымен айқындалады.
📌 ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 10
10.
Тармақ 11
11.
Тармақ 12
12.
Тармақ 13
13.
Тармақ 14
14.
Тармақ 15
15.
📌 ЕСКЕРТУ. 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтар алып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тарау 4. 4-тарау. ӨРҰ-ның КIРIСТЕРІ
4-тарау. ӨРҰ-ның КIРIСТЕРІ
📌 ЕСКЕРТУ. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 16
16. ӨРҰ-ның қызметi өзiн-өзi өтеу принципiне негiзделедi.
Тармақ 17
17. ӨРҰ-ның кiрiстерi:
Тармақша 1
1) ӨРҰ-ның мүшелерi төлеген жарналардан және алымдардан;
Тармақша 2
2) ӨРҰ-ның мүлiктерiн пайдаланудан;
Тармақша 3
3) ақпараттық кеңес беру және ӨРҰ-ның жарғысымен көзделген өзге де қызметтердi көрсетуден алынған қаражаттардан қалыптастырылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тарау 5. 5-тарау. ӨРҰ-ның ҚҰҚЫҚТАРЫ
5-тарау. ӨРҰ-ның ҚҰҚЫҚТАРЫ
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 18
18. ӨРҰ-ы:
Тармақша 1
1) осы Ережеге сәйкес кәсiпқой қызметтi жүзеге асырудың ережелерi мен стандарттарын, өзiнiң мүшелерiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзулерiнiң тәртiбiн әзiрлеуге, сондай-ақ олардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) өзiнiң мүшелерiнiң лицензияларын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы Ұлттық комиссия алдында өтiнуге;
Тармақша 3
3) Ұлттық комиссия белгiлеген тәртiпте, ол жүзеге асыратын өзiнiң мүшелерiнiң қызметтерiне жүргiзiлген тексерiстердiң нәтижелерi бойынша ақпарат алуға;
Тармақша 4
4) Ұлттық комиссия белгiлеген тәртiпке сәйкес ӨРҰ мүшелерiнiң қызметкерлерiн дайындауды және сынақтан өткiзудi жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) ӨРҰ белгiлеген тәртiпке сәйкес өзiнiң мүшелерiнен олардың қызметтерi туралы ақпараттар берулерiн талап етуге құқылы.
📌 ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 19
19. Жарғыға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметтердi жүзеге асыруға ӨРҰ құқылы.
Тарау 6. 6-тарау. ӨРҰ-ның ҚАҒИДАЛАРЫ
6-тарау. ӨРҰ-ның ҚАҒИДАЛАРЫ
📌 ЕСКЕРТУ. 6-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 20
20. ӨРҰ-ның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарын және өзiнiң ережелерiн ӨРҰ мүшелерiнiң сақтауларын қамтамасыз етуге мүмкiндiк жасау керек. ӨРҰ-ның ережелерiн Ұлттық комиссия бекiтедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 21
21. ӨРҰ-ның Қағидаларында және ережелерiнде:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2) кәсiпқой қатысушылар қызметкерлерiнiң (техникалық қызметкерлердi қоспағанда) бiлiктiлiгiне;
Тармақша 3
3) кәсiби қызметтi және кәсiби әдептi жүзеге асырудың ережелерiне және стандарттарына;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздардың бағаларымен жасалатын айлашарғыларды шектейтiн ережелерге;
Тармақша 5
5) ӨРҰ-ның мүшелерiнiң құжаттамаларын жүргiзудiң, есепке алудың және есеп берудiң ережелерiне;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының ұйымына кiрудiң және шығудың, одан шығарып тастаудың және мүшелiктi тоқтата тұрудың тәртiбiне;
Тармақша 7
7) шығындарды, төлемдердi, алымдарды ӨРҰ-ның мүшелерi арасында
бөлудiң тәртiбiне;
Тармақша 8
8) ӨРҰ мүшелерiнiң шағымдары мен арыздарын қараудың тәртiбiне;
Тармақша 9
9) ұйым клиенттерiнiң шағымдары мен арыздарын қараудың тәртiбiн қоса отырып, клиенттердiң құқықтарын қорғау тәртiбiне;
Тармақша 10
10) ӨРҚ мүшелерiнiң кәсiби қызметтiң және кәсiби әдептiң белгiленген стандарттарын сақтауларына бақылау жасаудың тәртiбiне;
Тармақша 11
11) ӨРҰ мүшелерiне, олардың лауазымды тұлғаларына және қызметкерлерiне қатысты жазаларға және өзге де шараларға және олардың қолданылу тәртiбiне;
Тармақша 12
12) ӨРҰ мүшелерiне қолданылатын жазалардың және өзге де шаралардың орындалысына жасалатын бақылауға;
Тармақша 13
13) мүдделi тұлғаларды ӨРҰ-ның қызметi және оның қызметiн тексерудiң нәтижелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
Тармақша 13-1
13-1) банктiк, қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда ӨРҰ мүшелерiнiң қызметi туралы ақпараттың жариялығын қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) қауымдастық мүшелерiнiң және олардың клиенттерiнiң арасындағы дауларды қараудың рәсiмiне;
Тармақша 15
15) өзiнiң мүшелерiнiң лицензияларын қолдануды тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы Ұлттық комиссия алдында өтiнiш жасаудың тәртiбiне қатысты талаптар болу керек.
📌 ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ vii. VII.
VII.
📌 ЕСКЕРТУ. 7-тарау (22-24-тармақтар) алып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тарау 8. 8-тарау. ӨРҰ МҮШЕЛЕРIНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН ТЕСТIЛЕУ
8-тарау. ӨРҰ МҮШЕЛЕРIНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН ТЕСТIЛЕУ
📌 ЕСКЕРТУ. 8-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 25
25. ӨРҰ-ның қызметкерiн сынақтан өткiзу оның кәсiби деңгейiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.
Тармақ 26
26. ӨРҰ мүдделi тұлғаларды Ұлттың комиссияның бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген және ӨРҰ-ның сынағынан өткен ӨРҰ мүшелерi қызметкерлерiнiң тiзiмiмен еркiн танысуды қамтамасыз етедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 27
27. ӨРҰ өзiнiң мүшелерiнiң бiлiктi қызметкерлерi құрамын және оған енгiзiлген өзгерiстердi есепке алуды жүзеге асырады.
Тарау 9. 9-тарау. ӨРҰ МYШЕЛЕРIНIҢ ҚЫЗМЕТIНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
9-тарау. ӨРҰ МYШЕЛЕРIНIҢ ҚЫЗМЕТIНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
📌 ЕСКЕРТУ. 9-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 28
28. ӨРҰ:
Тармақша 1
1) ӨРҰ мүшелерiнiң қызметiн және қызметтерiнiң iшкi ережелерiне олардың қолданылып жүрген заңның талаптарына және ӨРҰ-ның ережелерiне сәйкестiлiгiн тексеру;
Тармақша 2
2) есепке алудың, есеп берудiң және қойылатын талаптарға бақылау жасаудың жағдайын тексеру енгiзiлген, ӨРҰ-ның қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 29
29. Бақылау жасау ӨРҰ-ның бастамасы бойынша, Ұлттық комиссия келiсiп ӨРҰ бекiтiлген және мерзiмдiлiк және ӨРҰ-ның барлық мүшелерiн тексерiстермен қамту көзделген күнтiзбелiк жұмыс жоспары бойынша жүргiзiледi.
📌 ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 30
30. Қолданылып жүрген заңдардың бұзылуы туралы ақпарат келiп түскен жағдайда, жоспардан тыс тексерiстер жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 31
31. Тексерiстiң нәтижесi актiмен ресiмделедi.
Тармақ 32
32. ӨРҰ-ның мүшелерi ӨРҰ-на есептердi және қажеттi ақпарат пен құжаттамаларды ӨРҰ белгiлеген тәртiпте беру керек.
Тармақ 33
33. ӨРҰ қызметiнiң ережелерiн оның мүшелерiнiң бұзғандық фактiлерi анықталған жағдайда, ӨРҰ заң бұзушыларға жазалар және ӨРҰ ережелерiмен белгiленген өзге де шаралар қолданады.
Тармақ 34
34. Бағалы қағаздар рыногы қатысушыларын алдауға немесе адастыруға бағытталған не бағалы қағаздар рыногының ұқсас қызметпен шұғылданатын басқа да кәсiпқой қатысушыларының жетiмсiздiктерiн көрсететiн анық емес ақпарат жариялау фактiсi анықталған жағдайда, ӨРҰ:
Тармақша 1
1) анық емес жарнаманы және ақпаратты жариялауды тоқтата тұруға шаралар қолданады;
Тармақша 2
2) анық емес жарнаманы және ақпаратты жариялауды тоқтаудың қажеттiлiгi туралы жарнама берушiге жазбаша ескертедi және бұл үшiн мерзiмдер белгiлейдi;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарына анық емес жарнама және ақпарат фактiлерi туралы мәлiмет жариялауды.
📌 ЕСКЕРТУ. 34-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 35
35. ӨРҰ барлық анықталған заң бұзушылық немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың жорамалданған фактiлерi туралы Ұлттық комиссиясына толық ақпарат беруге мiндеттi.
📌 ЕСКЕРТУ. 35-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 36
36. ӨРҰ-ның мүшелерiнiң, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларының ӨРҰ-ның әрекеттерi жөнiнде сотқа шағымдануға құқығы бар.