Положение О порядке лицензирования деятельности саморегулируемых организаций профессиональных участников рынка ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының және биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметтерiн лицензиялау тәртiбi туралы
Ескерту: Ереженің күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 415 қаулысымен.
Басқа 0. Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының және биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметтерiн лицензиялау тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
1997 жылғы 25 қыркүйектегi
N 152 қаулысымен бекiтiлдi
Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының және биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметтерiн лицензиялау тәртiбi туралы
Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн лицензиялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қатысушылар қауымдастықтарының қызметiн лицензиялауының, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауды жүзеге асыруының тәртiбiн және шарттарын белгiлейдi.
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 көкектегi "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар N 2200 Жарлығының негiзiнде әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн лицензиялауды лицензия алған бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қатысушылар қауымдастықтарының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзетiн БҚҰК жүзеге асырады. Аталған тiзiлiмге лицензияны берудiң, тоқтата тұрудың және қайтарып алудың барлық фактiлерi туралы мәлiметтер енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметтерiн жүзеге асыруда лицензия тұрақты болып табылады.
Тармақ 4
4. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, күшiне енгiзiлген халықаралық келiсiмдерi бар басқа да мемлекеттердiң аумағында қолданылады.
Тармақ ii. II. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
II. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
Тармақ 5
5. Лицензия алу үшiн БҚҰК мынадай құжаттар ұсынылуы қажет:
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген үлгi бойынша өтiнiш;
Тармақша б
б) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
Тармақша в
в) барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса, тiгiлген және нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
Тармақша г
г) мүшелерiнiң тiзiмi;
Тармақша д
д) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес жасалған, тiгiлген және өтiнушiнiң лауазымды тұлғасы қол қойған ережесi (екi дана);
Тармақша е
е) лицензиялық алымды төленгендiгi туралы төлем тапсырысының көшiрмесi.
Тармақ 6
6. Өтiнушi өзiнiң қызметi туралы ақпаратты қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жария етуге мiндеттi.
Тармақ 7
7. Лицензиаттың жоғарыда аталған барлық құжаттарға қол қойған лауазымды тұлғасына ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң анық еместiгi үшiн заңмен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.
Тармақ 8
8. Құжаттар БҚҰК ұсынылған күннен бастап 30 күн iшiнде қаралады.
Тармақ iii. III. Лицензия бергендiк үшiн алым
III. Лицензия бергендiк үшiн алым
Тармақ 9
9. Лицензиялық алымның мөлшерi және оны төлеудiң тәртiбi қолданылып жүрген заңдармен айқындалады.
Тармақ iv. IV. Лицензияны беруден бас тарту
IV. Лицензияны беруден бас тарту
Тармақ 10
10. Егер:
Тармақша а
а) субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актiлерiмен тыйым салынса;
Тармақша б
б) осы Ереженiң 3-бабына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтiнушi аталған кедергiлердi жойғанда өтiнiш жалпы негiздерде қаралады;
Тармақша в
в) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия бергендiк үшiн алым төленбесе;
Тармақша г
г) өтiнушi қолданылып жүрген заңдармен белгiленген бiлiктiлiк
талаптарына сәйкес келмесе;
Тармақша д
д) өтiнушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.
Тармақ 11
11. Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнушiге жазбаша түрде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелдi жауап бередi.
Тармақ 12
12. Лицензия берудiң мерзiмдерi бұзылса немесе лицензия беруден бас тартылса өтiнушi бiр ай мерзiмде БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тармақ v. V. Лицензия беру
V. Лицензия беру
Тармақ 13
13. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдардың және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, өтiнушiге лицензия берiледi. Лицензия бекiтiлген үлгi бойынша ресiмделедi. Сонымен қатар өтiнушiнiң ережелерiне лицензиялаушы органның штампы қойылады. Ережелерiнiң бiр данасы өтiнушiге қайтарылады. Екiншi данасы лицензиялаушы органда сақталады.
Тармақ 14
14. Лицензия басшыға немесе сенiмхат негiзiнде лицензиаттың уәкiлеттi өкiлiне берiледi.
Тармақ vi. VI. Лицензияны қолдануды тоқтату
VI. Лицензияны қолдануды тоқтату
Тармақ 15
15. Лицензия:
Тармақша а
а) лицензияны қайтарып алған;
Тармақша б
б) лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өзiнiң күшiн тоқтатады.
Тармақ 16
16. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
Тармақ vii. VII. Лицензияны қайтарып алу және оны қолдануды тоқтата тұру
VII. Лицензияны қайтарып алу және оны қолдануды тоқтата тұру
Тармақ 17
17. Лицензия:
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарды лицензиат орындамаған;
Тармақша б
б) лицензияны қолдануды тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
Тармақша в
в) лицензиатқа оның иеленген лицензия бойынша жүзеге асыратын
қызметтiң түрiмен шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкiн.
Тармақ 18
18. Лицензияны қолдану:
Тармақша а
а) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттар анықталған;
Тармақша б
б) осы Ереженiң 27 және 28-тармақтарының талаптары бұзылған;
Тармақша в
в) лицензия берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде, онда көрсетiлген қызмет жүзеге асырылмаған;
Тармақша д
д) бағалы қағаздар рыногын реттейтiн заңдар бұзылған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Тармақ 19
19. Лицензиар тоқтата түру себептерiн көрсете отырып лицензияны қолдануды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 20
20. Лицензияны қолдану тоқтата тұрылған жағдайда лицензиат анықталған заң бұзушылықтарды жоюға мiндеттi, одан кейiн лицензияны қолдану БҚҰК жазбаша ескертпесi бойынша жаңаруы мүмкiн. Лицензиаттың лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша ескертпенi алғаннан кейiнгi қызметi заңсыз болып саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Тармақ 21
21. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда, лицензиат ресми жазбаша ескертпе алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны БҚҰК қайтару керек.
Тармақ 22
22. БҚҰК лицензияны қайтарып алу немесе қолдануды тоқтата тұру туралы шешiмi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
Тармақ viii. VIII. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасау
VIII. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасау
Тармақ 23
23. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауға:
Тармақша а
а) лицензиаттардың қызметiне және қызметтерiнiң iшкi ережелерiне олардың қолданылып жүрген заңдармен қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға сәйкестiлiгiн тексеру;
Тармақша б
б) лицензияда көрсетiлген талаптарға лицензиаттың қызметiнiң сәйкестiлiгiн тексеру;
Тармақша в
в) есепке алудың, есеп берудiң және ұсынылатын талаптарға бақылау жасаудың жайын тексеру кiредi.
Тармақ 24
24. Мерзiмдiлiк және лицензиаттарды тексерiстермен қамту көзделетiн бекiтiлген күнтiзбелiк жұмыс жоспары бойынша бақылау жасауды БҚҰК жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Қолданылып жүрген заңды бұзу туралы ақпараттар келiп түскен жағдайда жоспардан тыс тексерiстер жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 26
26. Тексерiстердiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi.
Тармақ 27
27. Лицензияттар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте БҚҰК есептер беру, сондай-ақ осы Ереженiң 5, 6-тармақтарына сәйкес лицензиялауға ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы он күндiк мерзiмде БҚҰК жазбаша нысанда ескерту керек.
Тармақ 28
28. БҚҰК талап етуi бойынша лицензиаттар лицензияда көрсетiлген қызмет туралы барлық қажеттi ақпаратты сұрауды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде беруге мiндеттi. Айрықша жағдайларда БҚҰК ақпараттар берудiң мерзiмiн ұзатуға құқылы.
БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасауға лицензиаттың құқығы бар.