Жылыой ауданы аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылыой ауданы аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік  рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсету үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.