Об утверждении ПОЛОЖЕНИЯ "О порядке оказании содействия утвержденным инвесторам в поиске квалифицированных работников, товаров и услуг в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Бекiтiлген инвесторларға Қазақстан Республикасында бiлiктi қызметкерлер, тауарлар мен қызмет көрсетулер iздеуiнде жәрдемдесудiң тәтiбi туралы ереженi" бекiту туралы
"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса берiлiп отырған "Бекiтiлген инвесторларға Қазақстан Республикасында бiлiктi қызметкерлер, тауарлар мен қызмет көрсетулер iздеуiнде жәрдемдесудiң тәртiбi туралы ереже" бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiдегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 8 шiлдедегi
N 26 қаулысымен
бекiтiлген
Бекiтiлген инвесторларға Қазақстан Республикасында бiлiктi қызметкерлер, тауарлар мен қызмет көрсетулер iздеуiнде жәрдемдесудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының және "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Ереженiң негiзiнде әзiрлендi және бекiтiлген инвесторларға бекiтiлген келiсiм шарттың шеңберiнде бiлiктi қызметкерлер, тауарлар (өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер) iздеуде жәрдем көрсетудiң тәртiбiн айқындайды.
Тарау 2. 2. Бiлiктi мамандар
2. Бiлiктi мамандар
Тармақ 2.1
2.1. Комитет (Жарнама және үйлестiру дирекциясы) бекiтiлген инвесторларға бiлiктi кадрлар iздеуде мына санаттар бойынша жәрдем көрсетедi:
- инженерлiк-техникалық қызметкерлер
- экономистер
- заңгерлер
- қаржышылар.
Тармақ 2.2
2.2. Комитет (Жарнама және үйлестiру дирекциясы қажеттi мамандықтар, сондай-ақ жоғарыда аталған бейiн мамандарын даярлауды жүзеге асыратын оқу орындары бойынша деректер банкiн қалыптастырады.
Тармақ 2.3
2.3. Комитет бiлiктi кадрларды iздеуге аймақтың жұмыспен қамту қызметтерiн тиiстi агенттiктер мен компанияларды құрады.
Тармақ 2.4
2.4. Инвестор бiлiктi кадрларды iздеудi дербес жүргiзуге құқылы.
Тарау 3. 3. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер
3. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер
Тармақ 3.1
3.1. Комитет (Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау дирекциясы) бекiтiлген келiсiм-шарттың шеңберiнде жобаны жүзеге асыру үшiн инвесторға қажеттi өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы тауарлардың мынадай топтары бойынша деректер банкiн қалыптастырады (ТМД 1997 жылғы сыртқы экономикалық қызметiнiң Бiрыңғай тауар номенклатурасына сәйкес):
VII бөлiм "Пластмассалар және олардан жасалатын бұйымдар; каучук және резеңке бұйымдар":
- 39-топ "Пластмассалар және олардан жасалатын бұйымдар"
- 40-топ "Каучук және ағаштан жасалатын бұйымдар".
IХ бөлiм "Ағаш және ағаштан жасалатын бұйымдар...;
- 44-топ "Ағаш және одан жасалатын бұйымдар; ағаш көмiрi"
Х бөлiм "Ағаштан жасалатын қағаз массасы..., одан жасалатын қағаз бен картон бұйымдары";
- 47-топ "Ағаштан немесе басқа талшықты өсiмдiк материалдарынан жасалатын қағаз массасы, қағаз және картон қалдықтары мен макулатура".
- 48-топ "Қағаз және картон; қағаз массасынан, қағаздар мен картоннан жасалатын бұйымдар"
XV бөлiм "Асыл емес металдар және олардан жасалатын бұйымдар":
- 72-топ "Қара металдар"
- 73-топ "Қара металдардан жасалатын бұйымдар"
- 74-топ "Мыс және одан жасалатын бұйымдар"
- 75-топ "Никель және одан жасалатын бұйымдар"
- 76-топ "Алюминий және одан жасалатын бұйымдар"
- 77-топ - болашаққа резервтелген
- 78-топ "Қорғасын және одан жасалатын бұйымдар"
- 79-топ "Мырыш және одан жасалатын бұйымдар"
- 80-топ "Қалайы және одан жасалатын бұйымдар"
- 81-топ "Өзге асыл емес металдар; метал-керамика; олардан жасалатын бұйымдар"
- 82-топ "Аспап, пышақ бұйымдары және асыл емес металдардан жасалатын олардың бөлiктерi"
- 83-топ "Асыл емес металдардан жасалатын өзге бұйымдар"
ХVI бөлiм "Машиналар, жабдық және тетiктер:
электр техникасы жабдығы...; олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары"
- 84-топ "... қазандар, жабдық және механикалық құрылғылар; олардың бөлiктерi"
- 85 топ "Электр машиналары мен жабдық...;
олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары"
XVII бөлiм "жер бетi, әуе және су көлiгi құралдары мен олардың керек-жарақтары";
- 87-топ "Жер бетi көлiгiнiң құралдары ... олардың бөлiктерi мен жабдықтары"
ХVIII бөлiм "Оптикалық ... өлшеу, бақылау приборлары мен аппараттары ...; олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары":
- 90-топ "Оптикалық ... өлшеу, бақылау приборлары мен аппараттары ...; олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары":
Тармақ 3.2
3.2. Деректер банкiне, сондай-ақ қазақстандық кәсiпорындар, өнiмнiң техникалық сертификаты, оның ГОСТ-қа сәйкестiгi, өндiрiстiк көлемi, ақы төлеу және беру шарттары туралы мәлiметтер де кiредi.
Тармақ 3.3
3.3. Инвестор өнiмдi iздеудi дербес жүргiзуге құқылы.
Тарау 4. 4. Қызмет көрсетулер
4. Қызмет көрсетулер
Тармақ 4.1
4.1. Комитет (Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау дирекциясы) бекiтiлген келiсiм-шарттың шеңберiнде жобаларды жүзеге асыру үшiн қажеттi қызмет көрсетулердiң негiзгi түрлерiнiң (консалтингтiк, инжирингтiк, заңгерлiк) тiзбесiн қалыптастырады.
Тармақ 4.2
4.2. Комитет (Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау дирекциясы) деректер банкiн қалыптастырады, оған жоғарыда аталған қызмет көрсету салаларында жұмыс iстейтiн фирмалар мен компаниялардың тiзбесi, олардың мекен-жайлары мен телефондары кiредi.
Тармақ 4.3
4.3. Инвестор қызмет көрсету салаларында жұмыс iстейтiн компанияларды дербес iздеуге құқылы.
Тарау 5. 5. Жәрдем көрсетудiң тәртiбi мен шарттары
5. Жәрдем көрсетудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 5.1
5.1. Инвестор Комитеттiң Дирекцияларында қажеттi қызметкерлерге, тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұрау жасауды ресiмдейдi.
Тармақ 5.2
5.2. Комитет бекiтiлген инвесторға жоғарыда аталған қызмет салаларында жұмыс iстейтiн компаниялар мен фирмалардың тiзбесiн ұсынады.
Тармақ 5.3
5.3. Жеке адамдар үшiн мамандарды iрiктеудi өлшемдерi осы саладағы кәсiбилiгi, тәжiрибесi, беделдiлiгi, ұсыныстамалар және заңды тұлғалар үшiн өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы және қызмет көрсету рыногындағы жоңғары бәсекелестiктiң деңгейi болып табылады.