О переименовании улиц села Абай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай ауылы көшелерінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін есепке ала отырып Абай ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Абай ауылы қөшелерінің атаулары өзгертілсін: Приозерная көшесі- Өзенді көшесіне, 8 март көшесі - Наурыз көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Егіндікөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Е.Сексенбаев