Кеңбидайық ауыл округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Кеңбидайық ауыл округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Кеңбидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Кеңбидайық ауылына келесі көше атаулары берілсін:
№ 1 көшесіне – Қ. Рақымжанов атауы берілсін
№ 2 көшесіне - С.Сейфуллин атауы берілсін
№ 3 көшесіне – Т.Бигельдинов атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Екпінді ауылының № 1 көшесіне – Абай Құнанбаев атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Қорғалжын ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қорғалжын ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Сыздыкова Г.К.