Ақбұлым ауылының шекарасын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақбұлым ауылының шекарасын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік жер қоры жерінен әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 14,22 гектар жер қосылып Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылының шекарасы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен кесімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Сейітовке және аудандық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен кесім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.