Об утверждении ПОЛОЖЕНИЯ "О порядке привлечения специалистов государственных органов, советников, консультантов и независимых экспертов при организации и проведении Государственным комитетом Республики Казахстан по инвестициям экспертизы инвестиционной заявки и подготовке контракта" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуының тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысының қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 6
6) "Қазақстан Республикасы Инвесторлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтінімге сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуының тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 17 мамырдағы N 14 қаулысы (1997 жылғы 15 қазан N 395).... -------------------------------------------- "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуының тәртiбi туралы" ереже бекiтiлсiн. Төраға
Басқа 3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуының тәртiбi туралы" ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 17 сәуiрдегi N 14 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуының тәртiбi туралы" ЕРЕЖЕ Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңына (бұдан әрi "Заң") әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (бұдан әрi "Комитет") инвестициялық өтiнiмдi ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлер мен тәуелсiз сарапшыларды тартуына байланысты қатынастарды реттейдi. Осы Ережеде пайдаланылатын айқындамалар мен терминдер осы Заңдағы айқындамалар мен терминдерге сәйкес келедi.
Тарау 1. I. Жалпы ереже
I. Жалпы ереже
Тармақ 1.1
1.1. Инвестициялық өтiнiмге сараптама жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде Комитет мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тармақ 1.2
1.2. Комитеттiң мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлер мен консультанттарды тартуының мақсаты инвестициялық жобаның Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен Комитеттiң белгiленген талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн арнайы танымдар алу болып табылады. Комитеттiң тәуелсiз сарапшыларды тартуының мақсаты инвестициялық жобаның объективтi бағалауын айқындау үшiн арнайы танымдарды пайдалана отырып сараптама жүргiзу болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. Комитет инвестициялық жобаны қарау және келiсiм-шартты әзiрлеу процесiнде сараптаманың мынадай түрлерiн ұйымдастыруға және жүргiзуге құқылы: - инвесторда жобаны жүзеге асыру үшiн қаржы, ұйымдастыру және техникалық мүмкiншiлiктердiң бар-жоқтығы; - заң сараптамасы; - жобаның қаржы және экономикалық сараптамасы; - техникалық сараптама; - экологиялық сараптама; - сараптаманың басқа да түрлерi, оның iшiнде инвестициялық жобаның ерекшелiктерiне қарай Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мiндеттiлерi.
Тарау 2. II. Айқындамалар
II. Айқындамалар
Тармақ 2.1
2.1. Тиiстi мемлекеттiк органның қажеттi бiлiктiлiгi бар штаттағы қызметкерi мемлекеттiк органның маманы болып табылады.
Тармақ 2.2
2.2. Қажеттi бiлiктiлiгi бар жеке тұлға, немесе қажеттi бiлiктiлiгi, жұмыс тәжiрибесi бар мамандар штатына ие, сондай-ақ егер, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген болса, тиiстi лицензиясы бар заңды тұлға кеңесшi, консультант болып табылады.
Тармақ 2.3
2.3. Қажеттi бiлiктiлiгi, жұмыс тәжiрибесi бар мамандар штатына ие (бұрынғы қызметi бойынша мүмкiндiгiнше оң ұсыныстамалары болғаны жөн), сондай-ақ бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген болса, тиiстi лицензиясы бар заңды тұлға тәуелсiз сарапшы болып табылады. Тәуелсiз сарапшының Комитет пен инвесторға ұйымдық немесе материалдық тәуелдiлiгiнiң болмауы мiндеттi.
Тарау 3. III. Мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен сарапшыларды тартудың тәртiбi
III. Мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен сарапшыларды тартудың тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. Комитет мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен сарапшыларды мынадай жағдайларда тартады: - арнайы танымдарға қажеттiлiк туындағанда; - тәуелсiз сараптама жүргiзуге қажеттiлiк туындағанда; - Комитет пен инвестордың арасында тараптардың кез келгенiнiң бастамашылығы бойынша даулы жағдайлар туындағанда.
Тармақ 3.2
3.2. Мемлекеттiк органның маманын таңдауды Комитет өтiнiмiнiң негiзiнде осы органның басшысы жүзеге асырады. Комитеттiң маман беру туралы өтiнiмiнде мәселелер мен сараптаманы жүргiзудiң мерзiмi көрсетiледi.
Тармақ 3.3
3.3. Кеңесшiнi, консультантты таңдауды Комитет бекiткен кеңесшiлердiң, консультанттардың арасынан Комитет жүзеге асырады.
Тармақ 3.4
3.4. Тәуелсiз сарапшыны таңдауды Комитет бекiткен тәуелсiз сарапшылардың тiзiмiн алған соң бес күннiң iшiнде инвестор жүзеге асырады.
Тарау 4. IV. Комитеттiң мемлекеттiк органдардың мамандарына, кеңесшiлерге, консультанттарға және тәуелсiз сарапшыларға қатысты өкiлеттiктерi
IV. Комитеттiң мемлекеттiк органдардың мамандарына, кеңесшiлерге, консультанттарға және тәуелсiз сарапшыларға қатысты өкiлеттiктерi
Тармақ 4.1
4.1. Комитет мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тарту кезiнде: - дәлелдi жауаптар беруге қажет мәселелердiң тiзбесiн айқындауға; - консультациялар мен сараптамалардың нәтижелерi бойынша түсiндiрмелер (оның iшiнде жазбаша) талап етуге; - егер алғашқы консультацияны немесе сараптаманы толық емес немесе жеткiлiксiз деп санаса, қосымша консультация немесе сараптама жүргiзудi талап етуге; - консультациялар мен сараптамалардың мерзiмдерiн белгiлеуге; - консультация немесе сараптама жүргiзу процесiнде кеңесшiге, консультантқа, тәуелсiз сарапшыға белгiлi болған ақпараттық құпиялылығын талап етуге; - сараптаманың жүру барысын бақылауға құқылы.
Тармақ 4.2
4.2. Сараптама жүргiзу процесiнде кеңесшiге, консультантқа, тәуелсiз сарапшыға сараптаманың нәтежиесін өзгертуге комитеттің кедергі жасауына (оның ішінде материалдық) тиым салынады.
Тарау 5. V. Мемлекеттiк органдар мамандарының, кеңесшiлердiң, консультанттардың және тәуелсiз сарапшылардың жауапкершiлiгi
V. Мемлекеттiк органдар мамандарының, кеңесшiлердiң, консультанттардың және тәуелсiз сарапшылардың жауапкершiлiгi
Тармақ 5.1
5.1. Мемлекеттiк органдардың мамандары, кеңесшiлер, консультанттар және тәуелсiз сарапшылар сараптаманың сапалы және уақтылы жүргiзiлуiн, сараптамаға ұсынылған құжаттардың сақталуын және құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 5.2
5.2. Мемлекеттiк органдардың мамандары, кеңесшiлер, консультанттар мен тәуелсiз сарапшылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiлген сараптама үшiн, оның iшiнде материалдық та жауапкершiлiкте болады.
Тарау 6. VI. Мемлекеттiк органдардың мамандарының, кеңесшiлердiң, консультанттардың және тәуелсiз сарапшылардың қызметтерiне ақы төлеу
VI. Мемлекеттiк органдардың мамандарының, кеңесшiлердiң, консультанттардың және тәуелсiз сарапшылардың қызметтерiне ақы төлеу
Тармақ 6.1
6.1. Мемлекеттiк органдардың мамандарының қызметтерiне ақы төленбейдi.
Тармақ 6.2
6.2. Кеңесшiнiң, консультанттың және тәуелсiз сарапшының қызметтерiне сараптаманың нәтижесiне қарамастан Комитет пен кеңесшiнiң, консультанттың, тәуелсiз сарапшының арасында жасалған шартқа сәйкес ақы төленедi.
Тармақ 6.3
6.3. Комитеттiң кеңесшiнiң, консультанттың, сарапшының қызметтерiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарын инвестициялық жобасына кеңесшi, консультант, сарапшы талдау жасаған инвестор өтейдi.