Об утверждении ИНСТРУКЦИИ "О порядке возмещения издержек Государственного комитета Республики Казахстан по инвестициям по организации и проведению экспертизы инвестиционной заявки и контракта" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеудiң тәртiбi туралы" нұсқаулық бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 16 қаулысымен Бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеудiң тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ Осы нұсқаулық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңына (бұдан әрi "Заң") сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты әзiрлеу және сараптау жөнiндегi шығындарын (бұдан әрi "Комитеттiң шығындары") өтеудiң тәртiбiн белгiлейдi. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын айқындамалар мен терминдер осы Заңдағы айқындамалар мен терминдерге сәйкес келедi.
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Комитеттiң өзiнiң функцияларын жүзеге асыру процесiнде инвестициялық өтiнiмге сараптама жүргiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты әзiрлеу және сараптау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан кеңесшiлер, консультанттар мен сарапшылар тартуға құқылы.
Тармақ 1.2
1.2. Комитеттiң шығындарын өтеу осы нұсқаулықта белгiленген тәртiппен инвестордың есебiнен жүзеге асырады.
Тармақ 1.3
1.3. Комитеттiң шығындары ретiнде Комитеттiң өзiнiң тiкелей функциональдық мiндеттерiн орындауын қоспағанда, инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу, келiсiм-шартты әзiрлеу бойынша өзiнiң функцияларын жүзеге асыра отырып, iз жүзiнде шеккен барлық, оның iшiнде күтпеген шығыстары ұғылады.
Тармақ ii. II. Комитеттiң шығындарының түрлерi және оларды растау
II. Комитеттiң шығындарының түрлерi және оларды растау
Тармақ 2.1
2.1. Комитеттiң мынадай шығыстары шығындары болып табылады:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Кеңесшiлердiң, консультанттардың және тәуелсiз сарапшылардың қызметтерiне ақы төлеу;
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Комитеттiң және тартылған мамандардың iссапарлары мен қосымша шығыстарына ақы төлеу (көлiк шығыстарын, визаларды ресiмдеу мен қажет болған жағдайларда сақтандыруды, тұруға, тамаққа ақы төлеудi қоса алғанда);
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Коммуникациялық қызметтерге ақы төлеу (телефон, телеграф, факс, электронды почта, INТЕRNЕТ, почта, оның iшiнде экспресс почта);
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Ұйымдастыру техникасын пайдалану, оның iшiнде шығыс материалдары: қағаз, кеңсе тауарлары және т.б.
Тармақ 2.2
2.2. Инвестор Комитеттiң өзiнiң инвестициялық жобасына тiкелей қатысты шығындарын ғана төлейдi.
Тармақ 2.3
2.3. Осы нұсқаулықтың 2.1.1.; 2.1.2., 2.1.3-тармақтарында көрсетiлген шығындарды Комитет құжатты түрде растайтын (төлем тапсырмасы, шығыс ордерi, чек және т.б.).
Тармақ 2.4
2.4. Осы нұсқаулықтың 2.1.4. және 2.1.5-тармақтарында көрсетiлген шығындардың мөлшерiн Комитет қолданылып жүрген тарифтерге сәйкес айқындайды.
Тармақ iii. III. Инвестордың Комитеттiң шығындарын өтеуiнiң тәртiбi
III. Инвестордың Комитеттiң шығындарын өтеуiнiң тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. Инвестор инвестициялық өтiнiмнiң IХ-тармағында осы нұсқаулықпен танысқандығын растайды және оны сақтауға мiндеттенедi.
Тармақ 3.2
3.2. Комитеттiң шығындарын өтеу екi кезеңде жүзеге асырылады:
Тармақ 3.2.1
3.2.1. I кезең - инвестор өтiнiм тiркелген сәтiнен бастап үш банк күннiң iшiнде Комитеттiң есеп айырысу шотына Комитетке инвестициялық өтiнiмдi ұйымдастыру және оны жүргiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты әзiрлеу мен сараптау үшiн қажеттi шығындардың сомасына 25% мөлшерiнде аванс аударады. Комитеттiң инвестициялық өтiнiмдi әзiрлеу және оны жүргiзу, келiсiм-шартты әзiрлеу мен сараптау жөнiндегi шығындары Комитет бекiткен кеңесшiлердiң консультанттар мен тәуелсiз сарапшылардың ұсынған мәлiметтерiнiң негiзiнде айқындалады.
Тармақ 3.2.2
3.2.2. II кезең - келiсiм-шартқа қол қойылған сәттен бастап үш банк күнiнiң iшiнде Комитеттiң есеп айырысу шотына Комитеттiң iс жүзiндегi өтелмеген бөлiгiн аударады.
Тармақ 3.3
3.3. Инвестордың Комитеттiң шығындарын толық өтеуi келiсiм-шартты тiркеудiң мiндеттi шарты болып табылады.
Тармақ 3.4
3.4. Егер Комитет пен инвестор келiссөздер процесiнде келiсiм-шартты жасау жөнiнде келiсiмге келе алмаса, нәтижесiнде онда инвестор келiспеушiлiктер туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейiн бес банк күнi iшiнде Комитетке шығындардың төленбеген бөлiгiн өтеуi тиiс.
Тармақ iv. IV. Инвестордың жауапкершiлiгi
IV. Инвестордың жауапкершiлiгi
Тармақ 4.1
4.1. Инвестор осы нұсқаулықтың 3.2.1-тармағын бұзған жағдайда, Комитет инвестициялық өтiнiмге сараптаманы бұзушылықтың бүкiл мерзiмiне тоқтата тұруға құқылы, бiрақ бұл мерзiм он екi күннен аспайды. Егер инвестор он екi күннiң iшiнде жолсыздықты түземесе, онда өтiнiмнiң күшi жойылады.
Тармақ 4.2
4.2. В случае нарушения инвестором п.3.2.2. настоящей Инструкции Комитет имеет право приостановить регистрацию контракта на весь срок нарушения, но не более, чем на двенадцать дней. Если в течение двенадцати дней инвестор не исправит нарушение, то контракт может быть аннулирован. Ескерту: 4.2-тармақтың қазақша аудармасы жоқ болғандықтан орысша мәтінде берілді.
Тармақ v. V. Дауларды шешудiң тәртiбi
V. Дауларды шешудiң тәртiбi
Тармақ 5.1
5.1. Осы нұсқаулықты атқару процесiнде Комитет пен инвестордың арасында туындауы мүмкiн кез келген даулар мүмкiндiгiнше келiссөздер жолымен шешiлуi тиiс.
Тармақ 5.2
5.2. Егер келiссөздер процесiнде Комитет пен инвестор келiсiмге келмесе, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiлуi тиiс.