Қаланың жекелеген көшелеріне ат қою және атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаланың жекелеген көшелеріне ат қою және атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына, және қала әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 1 шілдедегі кезекті отырысының № 1 хаттамасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласы Сауран шағынауданы бойынша № 1 қосымшаға сәйкес жекелеген көшелердің атаулары өзгертілсін және аты жоқ көшелерге жаңа атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласы Яссы шағынауданы бойынша № 2 қосымшаға сәйкес аты жоқ көшелерге жаңа атаулар берілсін.
Тармақ 3
3. Түркістан қаласы Шауғар шағынауданы бойынша А.Сабырхановтың 1-ші көшесіне Төрехан Рәмбердиевтің, 2-ші көшесіне Мырзакәрім Қарабаевтың есімі берілсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Қалалық мәслихаттың 17 шілде 2009 жылғы № 20/162-ІV және қала әкімдігінің № 3 бірлескен шешімі және қаулысына № 1 қосымша Түркістан қаласы Сауран шағынауданы бойынша жекелеген көшелердің атаулары өзгертілсін және аты жоқ көшелерге жаңа атаулар берілсін: 1. Бұрынғы Клара Цеткина көшесіне-Мұсаев Құсбек 2. Аты жоқ № 1 көшеге-Теріскей 3. Аты жоқ № 2 көшеге-Астананың 10 жылдығы 4. Аты жоқ № 3 көшеге-Байқоңыр 5. Аты жоқ № 4 көшеге-Қарсақты 6. Аты жоқ № 5 көшеге-Қарашық 7. Аты жоқ № 6 көшеге-Беларық
Басқа 6
Қалалық мәслихаттың 17 шілде 2009 жылғы № 20/162-ІV және қала әкімдігінің № 3 бірлескен шешімі және қаулысына № 2 қосымша Түркістан қаласы Яссы шағынауданы бойынша аты жоқ көшелерге жаңа атаулар берілсін: 1. Аты жоқ № 1 көшеге–Есжан Айнабеков 2. Аты жоқ № 2 көшеге-Жерұйық 3. Аты жоқ № 3 көшеге-Алтын бидай 4. Аты жоқ № 4 көшеге-Яссы 5. Аты жоқ № 5 көшеге-Алатау 6. Аты жоқ № 6 көшеге-Көктөбе 7. Аты жоқ № 7 көшеге-Ақмешіт 8. Аты жоқ № 8 көшеге-Еділ 9. Аты жоқ № 9 көшеге-Жайық 10. Аты жоқ № 10 көшеге-Жеті жарғы 11. Аты жоқ № 11 көшеге-Арал 12. Аты жоқ № 12 көшеге-Сығанақ 13. Аты жоқ № 13 көшеге-Бортөбе 14. Аты жоқ көшеге-Сырдария 15. Аты жоқ көшеге-Ордабасы 16. Аты жоқ көшеге-Ақ орда 17. Аты жоқ көшеге-Алаш орда 18. Аты жоқ көшеге-Бозбұтақ 19. Аты жоқ № 23 көшеге-Бестораңғыл 20. Аты жоқ № 24 көшеге-Шоғы батыр 21. Аты жоқ № 25 көшеге-Шаңырақ 22. Аты жоқ № 26 көшеге-Үшқоңыр 23. Аты жоқ № 27 көшеге-Бершінтөбе 24. Аты жоқ № 28 көшеге-Шоқтас 25. Аты жоқ № 29 көшеге-Төрткөл 26. Аты жоқ № 30 көшеге-Аралбай батыр 27. Аты жоқ № 31 көшеге-Тәңірімберді батыр 28. Аты жоқ № 32 көшеге-Жарылқап батыр 29. Аты жоқ № 33 көшеге-Көшбасшы 30. Аты жоқ № 34 көшеге-Сауран 31. Аты жоқ № 35 көшеге-Өте батыр 32. Аты жоқ № 36 көшеге-Ақтөбе 33. Аты жоқ № 37 көшеге-Қаратөбе 34. Аты жоқ № 38 көшеге-Жаманбай батыр 35. № 39 көшеге-Шойтөбе 36. № 40 көшеге-Желтоқсан 37. № 41 көшеге-Састөбе 38. № 42 көшеге-Қарашаш ана 39. № 43 көшеге-Шауғар 40. № 44 көшеге-Достық 41. № 45 көшеге-Қосмезгіл 42. № 46 көшеге-Игілік 43. № 47 көшеге-Түркістан 44. № 1А көшесіне-Жылаған ата 45. № 2А көшесіне-Қаратау 46. № 1Б көшесіне-Қалған Сыр