Об утверждении Положения "О порядке обеспечения согласительными и разрешительными документами, лицензиями, визами и другими документами, предоставляющих права и полномочия инвестору для реализации инвестиционного проекта" Күшін жойған
Басқа 0
"Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және рұқсат етушi құжаттармен, лицензиялармен, визалармен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы ереженi" бекiту туралы"
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен.
"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және рұқсат етушi құжаттармен, лицензиялармен, визалармен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Басқа 1. "Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және рұқсат етушi құжаттармен, лицензиялармен, визалармен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 30 мамырдағы
18 қаулысымен
Бекiтiлген
"Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және рұқсат етушi құжаттармен, лицензиялармен, визалармен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Қызметтiң немесе iс-әрекеттiң заңмен белгiленген түрлерi берiлетiн әрбiр лицензияның түрi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес мiндеттi лицензиялауға жатады. Кейбiр жағдайларда лицензияларды алу үшiн санитарлық және/немесе экологиялық және/немесе тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындылары талап етiлуi мүмкiн. Қандай да болмасын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыру кезiнде лицензиядан басқа өзге рұқсат алу (жер учаскелерiн бөлу, радиожиiлiк бөлу және басқа) талап етiлетiн жағдайда, мұндай рұқсаттар лицензияны алған соң берiледi.
Тарау 2. II. Негiзгi мiндеттер
II. Негiзгi мiндеттер
Осы ереженiң негiзгi мiндетi мемлекеттiк органдардың жобаны келiсуi және инвестордың инвесторға инвестициялық жобаны жүзеге асыруы үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн қажеттi келiсушi және рұқсат етушi құжаттарды, лицензияларды, визалар мен басқа да құжаттарды алу процесiндегi iс-әрекетiн тәртiпке келтiру және үйлестiру болып табылады.
Тарау 3. III. Комитеттiң Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және рұқсат етушi құжаттармен, лицензиялармен, визалармен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етуiнiң тәртiбi туралы
III. Комитеттiң Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және рұқсат етушi құжаттармен, лицензиялармен, визалармен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етуiнiң тәртiбi туралы
Тармақ 3.1
3.1. Инвестордың лицензия және/немесе рұқсат алуы үшiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тиiстi мемлекеттiк органға құрамында инвестордың лицензия алуға арналған өтiнiмi, инвестордың тiркеу құжаттары, түсiндiрме жазба, лицензияны алушының немесе рұқсаттың осы қызмет түрi үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар, лицензиялық алымның растамасы кiретiн құжаттар пакетiн, егер лицензиялық және/немесе экологиялық және/немесе тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындылары талап етiлсе, - қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша арнайлы талаптарына сәйкес тиiстi қорытындылар мен басқа да құжаттарды жолдайды.
Тармақ 3.2
3.2. Санитарлық және/немесе экологиялық, және/немесе тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындыларын алу үшiн Комитет тиiстi мемлекеттiк органға түсiндiрме жазбаны, инвестордың тiркеу құжаттарын, қорытынды бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжаттарды қоса өтiнiм жолдайды.
Тармақ 3.3
3.3. Мемлекеттiк органдар бiр ай мерзiмнен кешiктірмей сұралған лицензияны немесе рұқсатты бередi, егер талап етiлсе, мемлекеттiк орган Комитетпен мерзiмдi ұзартуды мiндеттi тәртiппен келiседi.
Тармақ 3.4
3.4. Комитет және/немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесi бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар осы материалдарды қараған кезде қатысуға құқылы.
Тармақ 3.5
3.5. Мемлекеттiк орган лицензия беруден "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 19-бабына сәйкес қана бас тартуға құқылы.
Тармақ 3.6
3.6. Комитет лицензияны немесе рұқсатты берудiң тәртiбiнiң және атқарылу мерзiмiнiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 3.7
3.7. Лицензияларға және басқа да рұқсат етушi құжаттарға оларды берудiң мерзiмдерiнiң сақталуына жауапкершiлiкте болатын тиiстi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары қол қояды.