Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік төлем беру туралы
ҚАЗЖекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік төлем беру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік төлем беру туралы
- Атауы (қаз.)
- Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік төлем беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1587
- Қабылданған күні
- 31.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2012 · қолданыстағы AI47497_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09LA000114
- ЭКБ идентификаторы
- 47497
- Редакция идентификаторы
- AI47497_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:37
0 Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік төлем беру туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, сондай-ақ, "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы кезекті XIII сессиясының N 13/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 13 шілдедегі N 20/2 шешіміне (нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-116 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына олардың үйлерін газдандыруға әлеуметтік көмек көрсету туралы қағидасы бекітілсін.
2 2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовқа жүктелсін.
4 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына олардың үйлерін газдандыруға әлеуметтік көмек көрсету туралы қағидасы
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚАЛА ӘКІМІ М. ЕРГЕШБАЕВ
Қызылорда қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
N 1587 қаулысымен бекітілген
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына олардың үйлерін газдандыруға әлеуметтік көмек көрсету туралы қағидасы
Осы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына олардың үйлерін газдандыруға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді.
1 1. Жалпы ереже
1 1. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі "Қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
2 2. Әлеуметтік көмектің тағайындалып төленуі "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-уәкілетті орган) арқылы жүргізіледі.
3 3. Әлеуметтік көмек жеке секторда тұратын мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттардың мыналарына көрсетіледі:
1 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
3 3) Ұлы отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне;
4 4) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
5 5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға;
6 6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасына.
4 4. Әлеуметтік көмек алушылар мен жеке тұрғын үйге газ кіргізумен айналысатын мекемелермен арасында келісім-шарт жасалуы қажет.
2 2. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі және мөлшері
5
5. Әлеуметтік көмек 2009 жылдың аяғына дейін бір рет ақшалай түрде жеке секторда тұратын жанұяларға олардың үйлерін газдандыруға осы Қағиданың 3 тармағындағы 1) тармақшадан бастап 5) тармақшаға дейін көрсетілген азаматтардың жеке өзіне, 6) тармақша бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар жеке өтініш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналары, қамқоршы немесе қорғаншыға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде беріледі.