Қызылсай ауылдық округінің елді-мекендеріне көшелер атауын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылсай ауылдық округінің елді-мекендеріне көшелер атауын беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Қызылсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Шалқар ауылына келесі көшелер атауы берілсін: № 1 көшесіне - Бауыржан Момышұлы атауы берілсін № 2 көшесіне - Жұмабек Ташенов атауы берілсін № 3 көшесіне - Абай Құнанбаев атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Үшсарт ауылының № 1 көшесіне Көбетей атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Алмас ауылының № 1 көшесіне Сәкен Сейфуллин атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қорғалжын ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.К. Сыздыкова