Об утверждении Инструкции "О порядке регистрации контракта, заключенного Государственным комитетом Республики Казахстан по инвестициям и инвестором" и формы свидетельства о регистрации контракта Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартты тiркеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты" және "Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiктiң" нысанын бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 30 наурыздағы N 23-п бұйрығымен. "Тiкелей "Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартты тiркеудiң тәртiбi туралы нұсқаулық" және "Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiктiң" нысаны бекiтiлсiн.
Басқа 1. "Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартты тiркеудiң тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ
­Қазақстан Республикасы инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 28 наурыздағы N 3 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартты тiркеудiң тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ Осы нұсқаулық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрлендi және Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Комитет) мен бекiтiлген инвесторлардың (бұдан әрi - инвестор) арасында жасалған келiсiм-шарттарды (оның iшiнде тiркелген келiсiм-шарттарға өзгерiстер мен толықтыруларды) тiркеудiң тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарттарды тiркеудiң мақсаты Комитет пен инвестордың арасындағы келiсiм-шартты (бұдан әрi - келiсiм-шарт) тiркеу: келiсiм-шарттың жасалу фактiсiн ресми растау және Комитет атынан инвесторға Қазақстан Республикасының белгiленген жеңiлдiктерi мен преференцияларын беру; келiсiм-шарттың күшiне ену күнi белгiлеу және келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмiн айқындау; жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген инвесторларды есепке алу үшiн келiсiм-шартқа тiркеу нөмiрiн беру; инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын бақылау; мемлекеттiк қадағалау, тiркеу және статистика органдарына берiлген жеңiлдiктер мен преференцияларды және олардың қолданылу мерзiмiн көрсете отырып тiркелген келiсiм-шарттардың саны туралы ақпарат беру мақсатында жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Тiркеу мерзiмi Келiсiм-шартты Комитет пен инвестор қол қойған сәттен бастап он бес күннiң iшiнде Комитеттiң әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау Дирекциясы тiркеуi тиiс. Келiсiм-шартты тiркеу үшiн белгiленген нысанда өтiнiмде көрсетiлген құжаттар мен Комитеттiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi (оның iшiнде сарапшылардың қызметiн пайдаланғаны үшiн) шығындарын инвестордың өтегенiн растайтын құжаттардың болуы қажет.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шарттың күшiне ену күнi Келiсiм-шарт, егер келiсiм-шартта күшiне енуiнiң өзге, кешiрек мерзiмi көзделмесе, Комитеттiң әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау Дирекциясында тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 4
4. Келiсiм-шартқа өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу Келiсiм-шартқа өзгерiстер мен толықтырулар осы нұсқаулықтың 2 және 3-бөлiмдерiнде белгiленген тәртiппен тiркелуi тиiс.
Тармақ 5
5. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк Комитет пен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шарттың тiркеу фактiсiн растайтын құжат болып табылады, Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiкте: келiсiм-шарттың тiркеу нөмiрi; келiсiм-шарттың жасалған күнi мен қолданылу мерзiмi; инвесторға берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар; берiлген жеңiлдiктер мен преференциялардың қолданылу мерзiмi; берiлген заттық гранттар көрсетiледi. Инвесторға заттық гранттар бөлiнген кезде келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiкке заттық гранттар ретiнде берiлетiн мүлiк пен мүлiктiк құқықтарды тәптiштеп сипаттайтын құжаттар қоса берiледi. Инвестормен келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк аталған инвестордың онда көрсетiлген жеңiлдiктер мен преференцияларды алуын куәландыратын ресми құжат болып табылады.
Тармақ 6
6. Келiсiм-шартты тiркеуден бас тарту Комитеттiң әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау Дирекциясы келiсiм-шартты мынадай жағдайларда: инвестордың Комитетке берген кез келген мәлiметтерiнде елеулi фактiлердi бұрмалағаны немесе жасырғаны анықталғанда; инвестор Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанда; инвестор осы нұсқаулықтың 2-бөлiмiн бұзғанда тiркеуден бас тарта алады. Бас тарту анықталған жолсыздықтарды жою мерзiмi көрсетiлiп жазбаша нысанда ресiмделедi. Инвестор мен Комитеттiң арасында келiсiм-шартты тiркеуден бас тартуға байланысты туындаған даулар көбiне келiссөздер жүргiзу жолымен, оның iшiнде тәуелсiз сарапшыларды тарата отырып шешiледi. Егер Комитет пен инвестор келiсiм-шартты тiркеуден бас тартудың құқықтылығы туралы дауды реттеу бойынша келiссөздердiң нәтижесiнде өзара қабылданымды шешiмге келе алмаса, онда келiсiм-шартты тiркеуден бас тартуға инвестор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
Тармақ 7
7. Келiсiм-шартты тiркеу туралы ақпаратты жариялау Келiсiм-шарт тiркелген соң Комитеттiң жарнама және үйлестiру Дирекциясы он күн iшiнде тиiстi мемлекеттiк және жергiлiктi органдарды келiсiм-шарттың тiркелгенi туралы хабарландырады және бiр айдың iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жобаға салым сомаларын және құрылатын жұмыс орындарының санын көрсетiп Комитетте тiркелген келiсiм-шарттардың тiзбесiн жариялайды. Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Келiсiм-шартты тiркеу туралы КУӘЛIК __________________________ 199 ж. "____"________________ (келiсiм-шарттың тiркеу нөмiрi) Осымен Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен __________________________________________ арасында жасалған келiсiм-шарт тiркеледi. КҰЖК коды _________________________________________________________ Инвестициялық жобаның атауы және оны жүзеге асыру орны ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi _________________________________ Берiлген мемлекеттiк заттық гранттар ______________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi _________________________________________________ Табыс салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер _________________________ ___________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi__________________________________________________ Жер салығы бойынша жеңiлдiктер_____________________________________ ___________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi _________________________________________________ мүлiкке салынатын салық бойынша берiлетiн жеңiлдiктер _____________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Кеден бажы бойынша берiлген жеңiлдiктер ___________________________ ___________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi _________________________________________________ Лауазымы М.О._________________ ___________________________ (қолы) лауазымды адамның аты-жөнi ___________________________________________________________________