Об утверждении ИНСТРУКЦИИ "О порядке осуществления контроля за реализацией инвестиционных проектов" Күшін жойған
Басқа 0
"Инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасаудың тәртiбi туралы нұсқаулықты" бекiту туралы"
"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасаудың тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 8 сәуiрдегi
N 6 қаулысымен
бекiтiлген
Инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасаудың тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Осы Нұсқаулық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) бекiтiлген инвесторлардың (бұдан әрi - Инвестор) арасында жасалған келiсiм-шарттар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасаудың тетiгiн айқындайды.
Тармақ 1. 1. Инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасаудың мақсаты
1. Инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасаудың мақсаты
Тармақ 1.1
1.1. Бақылау деп Комитеттiң "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекiтiлiп берiлген өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы ұғылады.
Тармақ 1.2
1.2. Бақылаудың мақсаты:
- инвестициялық жобаларды iске асыру процесiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау;
- инвестордың келiсiм-шартта бекiтiлген мiндеттемелерiн атқаруының дұрыстығы мен толықтығын тексеру;
- инвестордың келiсiм-шарт бойынша берiлген жеңiлдiктер мен преференцияларды пайдалануының дұрыстығын тексеру болып табылады.
Тармақ 2. 2. Комитеттiң инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасау жөнiндегi өкiлеттiктерi
2. Комитеттiң инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасау жөнiндегi өкiлеттiктерi
Инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасау үшiн Комитет мынадай құқықтарға ие:
Тармақ 2.1
2.1. инвестордың инвестициялық жобаға қатысты заңдық, бухгалтерлiк, техникалық және өзге де құжаттамасын тексеруге;
2.2 инвестордан осы нұсқаулықтың 3-бөлiмiне сәйкес келiсiм-шарттың iске асырылуының барысы туралы есептi талап етуге;
Тармақ 2.3
2.3. инвестордан тексерiстер процесiнде табылған жолсыздықтарда түзетудi талап етуге;
Тармақ 2.4
2.4. келiсiм-шарттың iске асырылуына қатысты қосымша кезкелген ақпаратты талап етуге;
Тармақ 2.5
2.5. келiсiм-шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн бұзушы инвесторға осы нұсқаулықтың 4-бөлiмiнде көрсетiлген ықпал ету шараларын қолдануға;
Тармақ 2.6
2.6. бақылау функцияларын атқару процесiнде тиiстi мемлекеттiк органдарды тартуға;
Тармақ 2.7
2.7. министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан Комитеттiң келiсiм-шартты iске асырылуына байланысты қаулыларын мiндеттi түрде атқаруын талап етуге.
Тармақ 3. 3. Инвестордың есеп беруi
3. Инвестордың есеп беруi
Тармақ 3.1
3.1. Инвестор тоқсан сайын, тоқсаннан кейiнгi айдың 20-ынан кешiктiрмей, не келiсiм-шартта көзделген басқа мерзiмде Комитет белгiлеген және келiсiм-шартта көзделген нысан бойынша келiсiм-шарттың iске асырылу барысы туралы есеп тапсырады.
Тармақ 3.2
3.2. Инвестор жыл сайын 1 наурызға дейiн Комитетке өткен жылдағы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындымен расталған есеп тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 3.3
3.3. Инвестор өзiнiң мiндеттемелерiн орындауы мүмкiн емес жағдайда бiр ай мерзiмде Комитетке мiндеттемелерiн атқаруға кедергi келтiрушi себептер туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 3.4
3.4. Инвестордың келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелерiн қандай да болмасын бұзушылықтары анықталған жағдайда Комитет инвесторға анықталған жолсыздықтар туралы көрсетедi және оларды жоюдың мерзiмдерiн белгiлейдi.
Тармақ 4. 4. Инвесторға қолданылатын ықпал ету шаралары
4. Инвесторға қолданылатын ықпал ету шаралары
Тармақ 4.1
4.1. Комитеттiң инвесторға қолданатын ықпал ету шаралары:
- инвестордың нақты жолсыздықтары мен оны жою үшiн қажет мерзiмдi көрсетiп өзiне қабылдаған мiндеттемелерiн бұзғаны туралы ескерту;
- келiсiм-шартты бұзу.
Тармақ 4.2
4.2. Комитет инвесторға ықпал ету шараларын мынадай жағдайларда қолдануға құқылы:
Тармақ 4.2.1
4.2.1. инвестор Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанда;
Тармақ 4.2.2
4.2.2. инвестор келiсiм-шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн бұзғанда;
Тармақ 4.2.3
4.2.3. инвестор есеп беру мерзiмдерiн бұзғанда;
Тармақ 4.2.4
4.2.4. тапсырылған есептер Комитет бекiткен, немесе келiсiм-шартта көзделген нысанға сәйкес келмегенде;
Тармақ 4.2.5
4.2.5. инвестор Комитетке тапсырған кез келген мәлiметте елеулi фактiлердi бұрмалағанда немесе жасырғанда.
Тармақ 5. 5. Дауларды шешу
5. Дауларды шешу
Тармақ 5.1
5.1. Комитеттiң инвестициялық жобаның iске асырылуына бақылау жасауына байланысты даулар мүмкiндiгiнше келiссөздер жолымен шешiледi.
Тармақ 5.2
5.2. Егер келiссөздер процесiнде Комитет пен инвестор келiсiмге келмесе, дау келiсiм-шартта белгiленген рәсiмдерге сәйкес шешiледi.