Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер белгіленсін: айына бір рет электр қуатымен - 45 киловатт, 1 кіші газ балонының құнын, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде нарықтық баға бойынша жылына бір рет 1 (бір) тонна көмірдің құны.
Тармақ 2
2. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Жақыбай Азат Жапарұлы қосымша жеңілдіктердің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Албанбекова Бибігүл Нүкенқызы аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.