Әлеуметтік төлемақылар төлеу туралы
ҚАЗӘлеуметтік төлемақылар төлеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік төлемақылар төлеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік төлемақылар төлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 21.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2012 · қолданыстағы AI47529_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VJ000084
- ЭКБ идентификаторы
- 47529
- Редакция идентификаторы
- AI47529_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:44
0 Әлеуметтік төлемақылар төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14)тармақшалары, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16, 23 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6, 8-баптары, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 15 желтоқсандағы № 2676 «Қазақстан Республикасының наградалары туралы» Заңының негізінде Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жарма ауданының әкімдігінің өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмекпен, республика мен облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау және жекеленген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеу бойынша аудандық комиссия құрылсын (1 қосымша).
2
2. Жарма ауданының әкімдігінің өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмекпен, республика мен облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау және жекеленген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (2 қосымша).
3
3. Жарма ауданының әкімдігінің өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмекпен, республика мен облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау бойынша және жекеленген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеу бойынша аудандық комиссия құрамы Жарма аудандық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілсін.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
5 Әлеуметтік төлемақылар төлеу жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 21 шілдедегі № 226
Қаулысына 1 қосымша
Әлеуметтік төлемақылар төлеу жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрайымы:
Баубекова Камшат Сейсенғазықызы,
«Жарма ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» М.М-сі бастығының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Туенбаева Зекен Оразбекқызы,
зейнеткер (келісім бойынша);
Ахметова Роза Александровна,
зейнеткер (келісім бойынша);
Айтаков Жұмабек зейнеткер (келісім
бойынша бойынша);
Комиссия хатшысы:
Түсіпбаева Сәуле Қаниқызы, «Жарма
ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
М.М-сі бас маманы.
7 Әлеуметтік төлемақылар төлеу туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Жарма ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 21 шілдедегі № 226
Қаулысына 2 қосымша
Әлеуметтік төлемақылар төлеу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
І. Жалпы ережелер
1 1. Біржолғы материалдық көмек ауданының өте мұқтаж аз камсыздандырылған азаматтарына, әр адамға жылына бір рет қана көрсетіледі.
2 2. Біржолғы материалдық көмекті алуға Жарма ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың құқығы бар.
3 ІІ. Біржолғы материалдық көмекті бөлу туралы
3. Республика мен облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға ай сайын арнаулы жәрдемақы бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандық бюджет қаржы есебінен төленеді.
ІІ. Біржолғы материалдық көмекті бөлу туралы
5 5. Біржолғы материалдық көмек төмендегі көрсетілген тұлғаларға:
5.1 5.1. өте мұқтаж жалғыз тұратын аз қамсызданғандырылған зейнеткерлерге;
5.2 5.2. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңістірілгендерге;
5.3 5.3. асырауында кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына, мүгедектерге, жұмыссыз азаматтарға;
5.4 5.4. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, бұрын «Батыр ана» атағын алған І, ІІ дәрежедегі «Аналық даңқ» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға және бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы аналарға;
5.5 5.5. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген дербес зейнеткерлерге;
5.6 5.6. Шығыс Қазақстан облысына еңбек сіңірген дербес зейнеткерлерге;
5.7
5.7. әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан, мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауыпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға;
5.8 5.8. басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезенде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілеріне;
5.9
5.9. Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радияциялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына;
5.10 5.10. аз камтылған адамдарға;
6 6. Материалдық көмек табиғи апат кесірінен ауыр материалдық жағдайда отырған отбасыларына, қайғылы оқиғалары бар, аурудың ауыр түрімен ауратын және басқа да себептері бар азаматтарға көрсетіледі;
7 7. Жергілікті бюджет қаражатынан бөлінетін әлеуметтік төлем «Жеңіс күні», «Қарттар мен мүгедектер күні» және тағы да басқа мерекелерге аудандағы қоғамдық ұйымдардың ұсынуымен беріледі.
8 ІІІ. Біржолғы материалдық көмекті төлеу туралы
8. Біржолғы материалдық төлем 5-ші, 6-шы тармақшаларда көрсетілген адамдар үшін төмендегідей құжаттарды ұсынған кезде бөлінеді:
материалдық көмек көрсету жөнінде өтініш;
төлқұжат немесе жеке басының куәлігі;
салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
азаматтың материалдық көмек қажет ететінін растайтын басқа да құжаттар (қайғылы оқиға жөніндегі құжаттар, ауруы туралы дәрігерлік анықтама және тағы басқалар)
мәртебесін жергілікті атқарушы органдардың уақытында береген арнайы куәлігімен немесе зейнетақы төлеу орталығының анықтамасымен куәландырады.
тұрғылықты жері туралы анықтамасы;
ІІІ. Біржолғы материалдық көмекті төлеу туралы