Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы
ҚАЗҰлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 22.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2012 · қолданыстағы AI47533_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VQ000108
- ЭКБ идентификаторы
- 47533
- Редакция идентификаторы
- AI47533_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:44
0 Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау Ережесі бекітілсін.
2 2. Ауылдық округтер мен кент әкімдеріне, аудандық ұйымдар мен мекеме басшыларына осы Ережелерді сөзсіз орындау бойынша шаралар қолдану ұсынылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау ЕРЕЖЕСІ
Ұлан аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 шілдедегі
№ 137 шешімімен бекітілген
Ұлан ауданында ауыл
шаруашылық жануарларын ұстау
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ереже
1
1. Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау мәселелерін реттеу мақсатында әзірленген.
2 2. Осы Ереже Ұлан ауданындағы ұйымдар мен кәсіпорындарды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен жеке меншік нысанына қарамастан, халықты және жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда ауыл шаруашылығы малдарын ұстаушы барлық иелерге қолданылады.
3 3. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1
1) ауыл шаруашылық жануарлары – адам өсіретін ауыл шаруашылығы малдарының және ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар құстардың барлық түрлері (ірі кара малдар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен еліктер, қымбат терілі аңдар және үй қояндары), сонымен қатар олардың түраралық будандары;
2 2) ауыл шаруашылық жануарларының иелері – меншігінде немесе басқа иелігінде ауыл шаруашылық жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар;
3
3) жануарларды ұстау – жануарлардың өмірін, физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда құнды тұқым алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың және жануарлар әлемі өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жануарлар иелерінің істейтін іс-әрекеттері;
4 4) ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі.
2 2. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстау
4
4. Ауыл шаруашылық жануарлары қолданыстағы нормаларға сәйкес жеке меншік секторынан, стадиондар, қоғамдық тамақтану, сауда, тамақ өнеркәсібі, көп қабатты үйлер аумақтарынан, бұқаралық демалыс орындарынан, балалардың сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, санаторийлерден, табиғи және жасанды су айдындарынан, артезиан құдықтарынан алыста орналасқан арнайы жабдықталған қора-жайларда, торларда ұсталуы керек.
5 5. Тұрғын үйде, егер онда бір отбасыдан көп отбасы тұрса, белгіленген ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда осы үйде ауыл шаруашылық жануарларын арнайы жабдықталған қора-жайларда, торларда ұстауға рұқсат етіледі.
6 6. Ауыл шаруашылық жануарларын сатуға, алып келуге және алып кетуге тек ветеринарлық төлқұжат негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті орган беретін, белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлікті рәсімдегенде ғана рұқсат етіледі.
7
7. Ауыл шаруашылық жануарларын әуе, су, темір жолдар көліктерімен тасымалдау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің 2006 жылғы 3 шілдедегі № 432 "Жануарларды және басқа мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль теміржол, әуе, су) ветеринарлық домдау туралы ережесін бекіту туралы" Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 14 тамызда № 4339 Бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.