О присвоении наименований улицам села Коянды Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоянды ауылының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 аңтарындағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 1 шілдедегі Қоянды ауылының тұрғындарының жиналыстарының хаттамасын есепке ала отырып, Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоянды ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге - Мұстафа Шоқай атауы, № 2 көшеге - Шапағат атауы, № 3 көшеге - Мәншүк Мәметова атауы, № 4 көшеге - Кенесары атауы, № 5 көшеге - Қабанбай батыр атауы, № 6 көшеге - Абай Құнанбаев атауы, № 7 көшеге – Жеңіс атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Ш.Өтегенова «Целиноград аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы А.Сағымбаев