Рамочный контракт "О государственной поддержке и предоставлении мер стимулирования Инвестору, осуществляющему инвестиционную деятельность в приоритетные сектора экономики Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы Инвесторды мемлекеттiк қолдау және оған ынталандыру шараларын қолдану туралы негiзгi келiсiм-шартты бекiту туралы"
📌 Ескерту. Күші жойылды- ҚР Инвестициялар жөніндегі Агенттігінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 25 бұйрығымен.
"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес және мемлекеттiк қолдау және ынталандыру шараларын қолдану туралы келiсiм-шарттарды жасауды тәртiпке келтiру, халықаралық шарттарды реттейтiн құқыққа және Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерiне негiзделген келiсiм-шарты ресiмдеудiң бiрыңғай ережелерiн, ұғымдары мен ресiмдерiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында
инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы Инвесторды мемлекеттiк қолдау және
оған ынталандыру шараларын қолдану туралы негiзгi келiсiм-шарт бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары,
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
төрағасы
Басқа 2. "Қазақстан Республикасы экономикасының басым
секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы
Инвесторды мемлекеттiк қолдау және оған ынталандыру
шараларын қолдану туралы"
НЕГIЗГI КЕЛIСIМ-ШАРТ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы
N қаулысымен
Бекiтiлген
"Қазақстан Республикасы экономикасының басым
секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы
Инвесторды мемлекеттiк қолдау және оған ынталандыру
шараларын қолдану туралы"
НЕГIЗГI КЕЛIСIМ-ШАРТ
______________қаласы 199__ "__"_______________
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң (бұдан әрi Комитет деп аталады) атынан _______________ және
жеке немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрi Инвестор) атынан _______________
арасында 199 (_________күнi _____________айы) жасалған Қазақстан
Республикасына инвестициялық қызметке ынталандыру шараларын қолдану және оны мемлекеттiк қолдау жөнiндегi осы келiсiм-шарт,
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы экономиканың басым секторларында тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер өндiрудi жедел дамытуды қамтамасыз ету үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталғандығын;
Тармақша б
б) келiссөздер жүргiзу, келiсiм-шарттың ережелерiн айқындау және оған қол қою құқығы берiлген Комитеттiң - Қазақстан Республикасында тiкелей инвестицияларды жүзеге асырушы Инвесторларға Қазақстан Республикасын бiлдiруге уәкiлеттi жалғыз мемлекеттiк орган екендiгiн;
Тармақша в
в) Комитет пен Инвестордың осы келiсiм-шарт инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттейтiн болады деп уағдаласқандығын назарға ала отырып,
Комитет пен Инвестор төмендегi туралы уағдаласады:
Тарау 1
1. Айқындау
Егер келiсiм-шарттың мәтiнiнде өзгеше түсiнiк беру болмаса, төменде келтiрiлген сөздер мен оларда пайдаланылған терминдердiң мынадай мағынасы бар:
Тармақ 1
1. Инвестициялық қызмет - инвестицияларды жүзеге асыру процесiмен байланысты кәсiпкерлiк қызмет.
Тармақ 2
2. Инвестор - инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғалар немесе уәкiлеттiгi бойынша оған заңды тұлғалар кiретiн концорциум.
Тармақ 3
3. Бекiтiлген инвестор - Комитетпен келiсiм-шарт жасаған Инвестор.
Тармақ 4
4. Келiсiм-шарт - Комитет пен Инвестордың арасында жасалған осы шарт.
Тармақ 5
5. Заттық гранттар - Қазақстан Республикасының меншiк құқығымен ақшалай емес нысанда Инвесторға беретiн мүлкi немесе мүлiктiк құқықтары.
Тармақ 6
6. Преференциялар - Комитеттiң Инвесторға беретiн атаулы сипаттағы артықшылығы.
Тармақ 7
7. Кеден баждары - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден баждарының реестрлерiнде бекiтiлген барлық баждар, салықтар немесе салық салулар.
Тармақ 8
8. Кiрiстер - пайданы, дивидендтердi, проценттердi және басқа да сыйақыларды, немесе заттай төлемдердi қоса алғанда төленiлетiн нысанына қарамастан, инвестициялық қызметтен немесе оған қатыстылардан алынатын сомалар.
Тармақ 9
9. Форс-мажор - келiсiм-шарттың орындалу барысын қиындататын немесе оның одан әрi орындалуын мүмкiн етпейтiн тежеусiз күштiң жағдаяттары (әскери қақтығыстар, табиғат апаттары, табиғи зiлзалалар және басқ.).
Тарау 2
2. Келiсiм-шарттың мақсаты
Тармақ 10
10. Осы келiсiм-шарт инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде
әртүрлi ынталандыру шараларын қолдану және мемлекеттiк қолдау мақсатында
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Комитет пен Инвестордың
арасындағы өзара қарым-қатынастарға заңдық шеңберлер белгiлейдi.
Тарау 3
3. Инвестициялық қызметтiң объектiлерi
Тармақ 11
11. Тiкелей инвестициялар осындай инвестициялар үшiн Қазақстан
Республикасының заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген объектiлер мен
қызмет түрлерiне салына алады.
Тарау 4
4. Келiсiм-шарттың мәнi
Тармақ 12
12. Келiсiлген инвестициялық жоба бойынша Комитеттен жеңiлдiктер мен
преференциялар алудың тәртiбi мен шарттары келiсiм-шарттың мәнi болып
табылады.
Бөлім 5
5. Тараптардың құқықтары
Тармақ 13
13. Комитет:
- келiсiм-шарттың ережелерi бойынша Инвестормен келiссөздерде
Қазақстан Республикасын бiлдiруге;
- инвестициялық жобалар мен келiсiм-шарттарға сараптамалар жүргiзудi
ұйымдастыруға;
- Инвесторға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктер мен преференциялар берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындауға;
- келiсiм-шартқа қол қоюға және оны тiркеуге;
- инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шартқа сараптамалар ұйымдастыру мен жүргiзуi бойынша Инвестордың есебiнен Комитет белгiлеген тәртiпте Комитеттiң шығындарын өтеудi талап етуге;
- Инвестордың келiсiм-шарт бойынша өзiне алған мiндеттемелердi атқаруына бақылау жасауды қоса алғанда, инвестициялық жобаның жүзеге асырылуына бақылау жасауға құқылы.
Тармақ 14
14. Инвестор:
- келiсiлген инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе осы келiсiм-шартпен өзiне берiлген құқықтар шеңберiнде кез келген заңды iс-әрекеттер жасауға;
- Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберiнде инвестициялық қызметтi
жүзеге асыру үшiн қажеттi активтердi, жабдықты және өзге де материалдарды
импорттауға және экспорттауға;
- инвестициялық жобалар мен келiсiм-шарттық құжаттарға тәуелсiз
сараптама жүргiзудi талап етуге құқылы.
Тармақ 15
15. Инвесторға Комитеттiң келiсiмi бойынша және оның құзыретiнiң
шектерiнде қосымша құқықтар берiлуi мүмкiн.
Тарау 6
6. Тараптардың мiндеттерi
16. Комитет:
- ұсынылатын инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi құқықтар мен өкiлеттiктердi бiлдiретiн барлық келiсушi және рұқсат берушi құжаттарды, лицензияларды, визалар мен басқа да құжаттарды алуды қамтамасыз етуге;
- бекiтiлген инвестицияларға Қазақстан Республикасында бiлiктi қызметкерлердi, тауарлар мен қызмет көрсетулердi iздеуге жәрдемдесуге;
- инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты кедергiлердi жоюға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының шеңберiнде барынша жәрдемдесуге мiндеттенедi.
Тармақ 17
17. Инвестор:
- инвестициялық қызметтi инвестициялық жобаның бекiтiлген бизнес - жоспарында көрсетiлген күннен бастауға;
- келiсiлген инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын, қаулылары мен өзге де нормативтiк актiлерiн сақтауға;
- инвестициялық қызметтiң бейiнiн өзгертпеуге және Комитеттен жеңiлдiктер мен преференциялар алынуы керек келiсiлген инвестициялық жобаның ережелерiн бұзбауға;
- инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезiнде озық технологиялар мен "ноу-хауды" қолдануға, менеджмент пен маркетингтiң қазiргi заманғы әдiстерiн пайдалануға
- жергiлiктi кадрларды үздiксiз оқыту жүйесiн енгiзуге олардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыруға;
- жаңа жұмыс орындарын құруға;
- Комитеттiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шарттың сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi шығындарын Комитет белгiлеген тәртiпте өтеуге;
- инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты Комитет талап еткен тәртiпте және келiсiм-шартта көзделген көлемде ұдайы берiп тұруға мiндеттенедi.
Тарау 7
7. Меншiкке және ақпаратқа иелiк ету құқығы
Тармақ 18
18. Инвестордың өзiнiң инвестициялық қызметiн жүзеге асыру үшiн сатып алған кез келген активi немесе жабдығы, сондай-ақ ақпарат, берiлетiн заттық гранттар, егер осы келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, инвестордың меншiгi болып табылады.
Тарау 8
8. Салықтар мен төлемдер
Тармақ 19
19. Инвестор салықтар мен жарналарды қол қойылған келiсiм-шартта
көзделген салықтық және кедендiк жеңiлдiктерден басқа реттерде,
келiсiм-шарттың күшiне енген сәтiнде қолданылып жүрген Қазақстан
Республикасының салық туралы заңдары мен ережелерiне сәйкес төлеуге
мiндеттенедi. Жеңiлдiктер мен преференцияларды берудiң тәртiбi мен
ережелерiн Комитет белгiлейдi.
Тарау 9
9. Келiсiм-шарттың талаптары мен ережелерiн бұзу
кезiндегi мәмiлелердiң жарамсыздығы
Тармақ 20
20. Осы келiсiм-шарттың талаптары мен ережелерiн тiкелей және жасырын
түрде бұзатын мәмiлелер жарамсыз болып табылады.
Тарау 10
10. Форс-мажор
Тармақ 21
21. Осы келiсiм-шарт бойынша қандай да болмасын мiндеттемелердi орындамағаны үшiн, егер мұндай орындамау немесе орындау кезiндегi кiдiрту тежеусiз күштiң жағдаяттарынан (форс-мажор) туындаса, тараптардың ешқайсысы жауапкершiлiкте болмайды.
Тармақ 22
22. Тежеусiз күштiң жағдаяттарына тараптардың бақылау аясынан шығып
кететiн кез келген оқиғалар, мәселен, әскери қақтығыстар, табиғат
апаттары, табиғи зiлзалалар (өрт, iрi авариялар, коммуникациялардың
бұзылуы және т.б.) жатады.
Тармақ 23
23. Тежеусiз күш жағдаяттары туындаған ретте, олардан зардап шеккен
Тарап оқиғаның басталу датасы мен форс-мажор жағдаяттарының сипатын
нақтылайтын жазбаша хабарлама тапсыру жолымен бұл туралы басқа Тарапқа
дереу мәлiмдейдi.
Тармақ 24
24. Форс-мажор жағдаяттары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан
жағдайды дұрыс шешудi iздестiру үшiн дереу кеңес өткiзедi және мұндай
жағдаяттың зардаптарын ең төмен деңгейге жеткiзу үшiн барлық құралдарды
пайдаланады.
Тармақ 25
25. Келiсiм-шарт бойынша жұмыстар форс-мажор жағдаяттарынан толық
немесе iшiнара тоқтаған кезде аталған жұмыстарды жүргiзу кезеңi форс-мажор
әрекеттерi тоқтағанға дейiн мерзiмге ұзартылады.
Тарау 11
11. Құпиялылық
Тармақ 26
26. Тараптар Қазақстан Республикасының құпиялылықты сақтауға қатысты
заңдарына сәйкес келiсiм-шарттың қолданылу шеңберiндегi жұмысқа байланысты
барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша құпиялылықты сақтаудың
мерзiмдерi мен ережелерiн айқындайды.
27. Тараптардың бiрде-бiрi жазбаша келiсiм алмай заңда және
келiсiм-шарттың ережелерiнде көзделген жағдайлардан басқа ретте, құпия
болып саналатын осы келiсiм-шарттың мазмұнын немесе өзге ақпаратты
құпиялылықты сақтау мерзiмi iшiнде қандай да болмасын үшiншi Тарапқа ашуға
құқығы жоқ.
Тарау 12
12. Құқықтарды беру
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Инвестор осы
келiсiм-шарт бойынша өз құқықтарының, мiндеттемелерi мен мiндеттерiнiң бiр
бөлiгiн Комитеттiң алдын ала жазбаша рұқсат алып, өзiнiң құрылымдық
бөлiмшесiне (негiзгi немесе еншiлес компанияларына) бере алады.
29. Инвестор өзiнiң құқықтарын құрылымдық бөлiмшесiне беруi кезiнде
Инвестордың осы келiсiм шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауда Комитеттiң
алдында Инвестор жауапкершiлiкте болады.
Тарау 13
13. Төрелiк
Тармақ 30
30. Тараптар инвестициялық қызметке байланысты немесе осы келiсiм-шартты орындауға немесе оның кез келген ережелерiн өрбiтуге байланысты туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктердi шешу үшiн өздерiнiң араларында келiссөздер жүргiзу жолымен өздерiне қатыстының бәрiн жасайды.
Тармақ 31
31. Егер мұндай даулар кез келген тарап басқа тарапқа жазбаша өтiнiш жасаған күннен бастап үш айдың iшiнде келiссөздер жолымен шешiлмейтiн болса, онда дауласушы тараптардың кез келгенi оны шешу үшiн басқа тарапқа мәлiмдей отырып дауды:
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай дауларды қарауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасының сот органдарына;
Тармақша б
б) немесе егер шетелдiк Инвестордың мүдделерiн қозғайтын болса және дауды қазақстандық сот органдарының қарауына келiспейтiн жазбаша қарсылығы болса, әртүрлi шетелдiк төрелiк органдарын бере алады.
Келiсiм-шарт бойынша дауларды қараудың тәртiбiн Инвестор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiлейдi.
Тармақ 32
32. Тараптардың келiсiм-шартта келiсiлген келiспеушiлiктерiн шешу жөнiнде қандай да болмасын өзге ережелер болған кезде, осы ережелер осындай дауларды шешу үшiн қолданылады.
Тарау 14
14. Келiсiм-шарттың тұрақтылығының кепiлдiгi
Тармақ 33
33. Келiсiм-шартқа қол қойылған күннен кейiн Қазақстан
Республикасының заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда,
олар келiсiм-шарттың бастапқы ережелерiн одан әрi сақтаудың мүмкiн
еместiгiне әкеп соқтырса немесе оның экономикалық ережелерiн елеулi
өзгертуге әкеп соқтырса, бекiтiлген Инвестор мен Комитет екiжақты келiсiм
бойынша келiсiм-шартқа өзгерiстер немесе түзетулер енгiзедi.
Тарау 15
15. Қабылданымдық құқық
Тармақ 34
34. Егер келiсiм-шарттың ережелерiнде немесе Инвестормен өзге
келiсiмде тiкелей басқаша көзделмесе, Қазақстан Республикасының құқығы
қабылданымды құқық болып табылады.
35. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында осы
келiсiм-шартта белгiленгеннен өзге ережелер белгiленсе, халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады.
Тарау 16
16. Келiсiм-шартты жасаудың тәртiбi
Тармақ 36
36. Инвестициялық өтiнiмдi қабылдау туралы комитет оң шешiм жасаған
және келiсiм-шарт бойынша сараптық қорытынды бар болған кезде тараптар
келiсiм-шартқа қол қояды. Келiсiм-шарт Комитет белгiленген тәртiп пен
жағдайларда 15 күннiң iшiнде Комитеттiң Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау
дирекциясында тiркеледi.
Тарау 17
17. Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi
Тармақ 37
37. Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi келiсiм-шарт күшiне енген
күннен бастап ____________ жыл.
38. Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi тараптардың жазбаша келiсiмiмен
ұзартылуы мүмкiн. Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi жеңiлдiктер мен
преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалған және инвестициялық
жобаның қолданылу мерзiмiмен сәйкес келмеуi мүмкiн.
Тарау 18
18. Келiсiм-шарттың күшiне енуi
Тармақ 39
39. Осы келiсiм-шарт тараптар келiсiм-шартта өзгеше мерзiмдер
көрсетпесе, Комитеттiң Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау дирекциясында
тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Тарау 19
19. Келiсiм-шартқа енгiзiлетiн өзгерiстер
мен толықтырулар
Тармақ 40
40. Келiсiм-шартқа өзгерiстер мен толықтырулар тараптардың әрқайсысы
қол қойған құжатта олар жазбаша түрде берiлген жағдайлардан басқа ретте,
енгiзiлiне алмайды.
Тарау 20
20. Келiсiм-шарттың қолданылуының тоқтатылу ережелерi
Тармақ 41
41. Егер тараптар келiсiм-шарттың аяқталуының нақты мерзiмi туралы уағдаласа алмаса, онда келiсiм-шарттың қолданылуы мынадай себептердiң бiрi бойынша тоқтатылады:
Тармақша а
а) осы келiсiм-шарттың күшiне енген күннен бастап осы келiсiм-шарттың қолданылуы 19_____ жылдың ____________ __________ соңғы күнiнiң өтуi бойынша.
Тармақша б
б) егер Тараптардың бiрi осы келiсiм-шарт бойынша осы келiсiм-шартты бұзуға жол берсе, ал басқа Тарап осы келiсiм-шарт бойынша осы жолсыздықты қабылданымды уақыт iшiнде жоюды талап ету құқығын алса. Егер мұндай жолсыздық аталған уақыт кезеңi iшiнде жойылмаса, онда талап қоюшы Тарап жолсыздыққа жол берген Тарапқа бұл туралы 60 күннiң iшiнде жазбаша хабарлама жасап келiсiм-шарттың қолданылуын тоқтату құқығына ие болады. Алайда мұндай материалдық жолсыздыққа қатысты түпкiлiктi шешiм қабылдау осы келiсiм-шарттың 13-бабына сәйкес төрелiктiң шешуiне жатады.
Тармақ 42
42. Бұдан басқа, Комитет келiсiм-шартты мынадай жағдайларда бұза алады:
Тармақша а
а) бекiтiлген инвестордың Комитетке берген кез келген мәлiметтерiнде бұрмалау немесе елеулi фактiлердi жасыру анықталса;
Тармақша б
б) бекiтiлген инвестор өзiнiң мiндеттемелерiн атқармаса немесе келiсiм-шартта ескертiлген ережелердi сақтамаса;
Тармақша в
в) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзса.
Тармақ 43
43. Осы келiсiм-шарттың 42-бабында белгiленген негiздемелер бойынша келiсiм-шартты бұзу кезiнде бекiтiлген инвестор келiсiм-шарт бойынша берiлген жеңiлдiктер мен гранттарға байланысты Қазақстан Республикасының заңдары мен келiсiм-шарттың ережелерiнде көзделген тиiстi айыппұл шаралары қолданылып шығындарды өтеу және салықтар мен басқа да төлемдердiң сомаларын қайтару жөнiнде жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 44
44. Тараптардың келiспеушiлiктерi мен келiсiм-шартты тоқтатуға
қатысты түпкiлiктi шешу осы келiсiм-шарттың 13-бабына сәйкес төрелiк
соттың шешуiне жатады.
Тарау 21
21. Келiсiм-шарттың тiлi
Тармақ 45
45. Осы келiсiм-шарттың мәтiнi, осы келiсiм-шартқа берiлетiн
өзгерiстер, қосымша құжаттар қазақстандық инвестор үшiн қазақ немесе
орыс тiлдерiнде, ал шетелдiк инвестор үшiн - қазақ немесе орыс және
ағылшын тiлдерiнде жасалады, мұндағы барлық даналар бiрдей болып
табылады және егер келiсiм-шарттың ережелерiнде тiлдiк нұсқалардың
бiрi жекелеген баптар бойынша немесе тұтастай келiсiм-шарт бойынша
басқаларға артықшылығы бола алады деп өзгеше көзделмесе, бiрдей
заңдық күшке ие.
Тарау 22
22. Келiсiм-шарттың жасалу орны
Тармақ 46
46. Келiсiм-шарттың жасалу орны тараптардың келiсiмi бойынша
айқындалады.
Тарау 23
23. Қосымша ережелер
Тармақ 47
47. Осы келiсiм-шартты жүзеге асыруға байланысты талап етiлетiн
барлық хабарламалар мен құжаттар тараптардың әрқайсысы осы
келiсiм-шарт бойынша оларды алу фактiсi бойынша ғана тиiстi түрде
тапсырылған және өткiзiлген деп саналады.
Тармақ 48
48. Хабарламалар мен құжаттар төменде келтiрiлген мына
мекен-жай бойынша тiкелей қолға тапсырылады немесе почта, тапсырысты
авиапочтамен, телекспен немесе телеграфпен жөнелтiледi:
_________________________________________________________
|Мекен-жайы: Қазақстан | |
|Республикасының | |
|инвестициялар жөнiндегi | |
|мемлекеттiк комитетi | |
|Телекс | |
|Телеграф | |
|Инвестордың мекен-жайы | |
|Телекс | |
|Телеграф | |
|_________________________|_____________________________|
|Комитеттiң | Инвестордың |
|Басшысы | Басшысы |
_________________________________________________________
Тармақ 49
49. Осы келiсiм-шарт бойынша мекен-жайлары өзгерген кезде
Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама тапсыруы тиiс.
Тармақ 50
50. Осы келiсiм-шартқа 19___ жылғы ____________ (күнi)________
(айы)_____________қаласында _________________ елi Тараптардың
уәкiлеттi өкiлдерi қол қойды.
Инвестор
Комитет
лауазымы
лауазымы
қолы
қолы
М.О. М.О.