О присвоении наименований улицам села Коянды Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоянды ауылының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 1 шілдедегі Қоянды ауылының тұрғындары жиналыстарының хаттамаларын есепке ала отырып, Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоянды ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 8 көшеге - Әлия Молдағұлова атауы, № 9 көшеге – Бейбітшілік атауы, № 10 көшеге - Бостандық атауы, № 11 көшеге - Сары-Арқа атауы, № 12 көшеге - Бөгенбай батыр атауы, № 13 көшеге - Жамбыл Жабаев атауы, № 14 көшеге - Сәкен Сейфуллин атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік мекемесі бастығы» Ш.Өтегенова «Целиноград аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағымбаев