ИНСТРУКЦИЯ о порядке координации деятельности государственных органов по реализации инвестиционных проектов утвержденным инвестором Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттiк органдардың бекiтiлген инвестордың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы жөнiндегi қызметiн үйлестiруiнiң тәртiбi туралы нұсқаулықты" бекiту туралы" "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қоса берiлiп отырған "Мемлекеттiк органдардың бекiтiлген инвестордың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы жөнiндегi қызметiн үйлестiруiнiң тәртiбi туралы нұсқаулық" бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 25 қаулысымен бекiтiлген "Мемлекеттiк органдардың бекiтiлген инвестордың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы жөнiндегi қызметiн үйлестiруiнiң тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 16-баптарының негiзiнде әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - "Комитет") министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың (бұдан әрi - "мемлекеттiк органдар") бекiтiлген инвесторлардың жүзеге асыратын инвестициялық жобасын (бұдан әрi "жоба") iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiруiнiң тәртiбiн айқындайды.
Тарау 2. 2. Негiзгi мiндетi
2. Негiзгi мiндетi Осы Нұсқаулықтың негiзгi мiндетi бекiтiлген инвестордың инвестициялық жобаны жүзеге асыруы үшiн қолайлы жағдайлар жасау және оның қызметiн экономиканың басым секторларында кеңейту мақсатында мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.
Тарау 3. 3. Жобаны жүзеге асыру барысындағы үйлестiру тәртiбi
3. Жобаны жүзеге асыру барысындағы үйлестiру тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. Комитеттiң негiзгi функцияларына сәйкес мемлекеттiк органдардың келiсiм-шартты өзгертудi талап ететiн немесе қандай да болмасын төлемдердi өзгертуге апарып соғатын қосымша жағдаяттар туындайтын кезде олардың iс-әрекетiн келiсу жолымен жобаны жүзеге асыру жөнiндегi келiсiм-шарттың ережелерiн атқаруын қамтамасыз етедi.
Тармақ 3.2
3.2. Мемлекеттiк органдар бiр айлық мерзiмде жобаны жүзеге асыруға қатысты бекiтiлген инвестордың өтiнiшiн қарайды.
Тармақ 3.3
3.3. Жобаның тиiмдiлiгiн арттыру және осы бағыттағы жұмысты жүйелеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн мемлекеттiк органдар комитетке жобаларды жүзеге асыру және сала немесе аумақ бойынша мүмкiн ұсыныстармен рұқсат етушi құжаттарды пайдаланудың барысы туралы шолу ақпаратын жолдай алады.
Тармақ 3.4
3.4. Мемлекеттiк органдардың Комитетпен келiспей жоспарланбаған тексерiстер жүргiзуiне, ұсыныстамалар беруiне қосымша төлемдер мен жарналар тағайындауына және инвестордың шаруашылық қызметiне өзге де араласуына жол берiлмейдi.
Тармақ 3.5
3.5. Инвестициялық жобаның жүзеге асырылуына кедергi келтiретiн факторлар анықталған жағдайда комитет лауазымды тұлғаның "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы мәселе қоюға құқылы.