О присвоении наименования улице микрорайона "Коркем" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Көркем" шағын ауданының көшесіне атау беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 28 шілдесіндегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып Бурабай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бурабай кентіндегі «Көркем» шағын ауданының көшесіне «Ақжайық» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурабай кенті әкімінің орынбасары Б.М.Патсаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Щучье ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлкеттік мекемесінің бастығы Д.С.Қарсыбаева «Щучье ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.З.Жүсіпов