О переименовании улицы в селе Новокубанка Қолданыста
Басқа 0
Новокубанка селосындағы көше атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының тілдер саясаты және онамастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылғы 15 маусымдағы № 7 шешіміне сәйкес және село тұрғындарының пікірі есебімен Новокубанка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Новокубанка селосындағы Школьная көшесінің атауы Кан Де Хан көшесіне өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа кіреді.
КЕЛІСІЛДІ:
«Сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е. Байтоканов
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т. Бартош