Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
ҚАЗПанфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 394
- Қабылданған күні
- 23.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2011 · қолданыстағы 47626_217050.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DP000093
- ЭКБ идентификаторы
- 47626
- Редакция идентификаторы
- 47626_217050
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:43
0 Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4 тармақшасына, 18-1 бабының 4-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім шарт жасау үшін "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Азат Жапарұлы Жақыбай) өкілеттік берілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Панфилов ауданы әкімдігінің
2009 жылғы "23" шілдедегі
"Панфилов ауданы бойынша
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібі
туралы" N 394 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (әрі қарай – Тәртіп) Қазақстан Республикасының Заңдармен нысаналы топтағы халықтың жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында дайындалған.
2 2. Осы Тәртіп өтінішпен келген нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын, жеке қаржыландыруын аңықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдармен негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру заңдары таратылады.
2 2. Жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілер келесі ерекшеліктер бойынша іріктеледі:
1 1) әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарға арналуы тиіс;
2 2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс;
3 3) жұмыс берушілердің жұмысты жартылай жұмыс күнін пайдалану арқылы немесе ыңғайлы кесте бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар;
4 4) әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы болуы керек.
5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемелекеттік мекемесімен тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері көрсетілген келісім шарт жасайды.