Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
ҚАЗЖұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Атауы (қаз.)
- Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 397
- Қабылданған күні
- 23.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2010 · қолданыстағы 47629_216665.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DP000096
- ЭКБ идентификаторы
- 47629
- Редакция идентификаторы
- 47629_216665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:42
0 Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) азаматтың қайтыс болған кезеңіндегі айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.
2
2. Әлеуметтік көмек, азамат қайтыс болған күннен бастап, алты ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, отбасының табысына қарамастан, қайтыс болған адам жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда, жұмыс істеп жүріп қайтыс болған кезде, мекеменің меншік түріне қарамастан еңбек қатынасында болса төленеді.
3
3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай әлеуметтік көмекті отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның жеке шотының нөмірлері көрсетілген өтініштің негізінде аудандық пошта байланыс торабы арқылы мына төмендегі құжаттарды өткізген жағдайда тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін:
1 1) өтініш иесінің жеке басының куәлігі, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2 2) сақтандыру кассасына ұсынылатын әділет органдары беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы);
3 3) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, еңбек келісім-шарты);
4 4) ресми түрде жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама.
4
4. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.